17 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда Президент Жолдауының басым бағыттары сараланды

    Жамбыл облысында қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары мен аудан әкімдері Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, ондағы міндеттер мен басымдықтарды орындау жолдарын саралады.
    Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын атап өткені белгілі.

    Жамбыл облысында Жолдаудың стратегиялық міндеттері мен басымдықтарын жүзеге асыру аясында барлық әлеуметтік-экономикалық салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілген. Нақтылай айтқанда, ұлтаралық келісім орнаған, өнеркәсіп өркендеп, индустриялық жобалар іске асырылуда, жаңа технологиялар табысты қолданылуда, тұрғын үйлер, әлеуметтік жаңа нысандар салынуда.

    Облыс әртүрлі ұлт өкілдерінің қоныстануымен ерекшеленеді десек, мұнда 80-нен астам ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Өткен жылы Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде мониторинг, әлеуметтік сауалнама, талдау және тұрғындарды толғандыратын түрлі проблемаларды шешуге бағытталған “Бейбітшілік пен келісім” жобасы іске асырыла басталды. Мысалы, Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қордай ауданын дамытуға 35 миллиард теңге бөлінді: 3 мектеп, 4 спорт кешені, 3 денсаулық сақтау нысаны, 1 мәдениет үйі, 5 көп қабатты тұрғын үй салынды, 6 ауыл орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылды, 22 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілді, 200-ден астам көше жөнделді.

    Сондай-ақ, Жамбыл өңірі аграрлы аймаққа жататыны белгілі, халықтың 60 пайыздан астамы ауылдарда тұрады. Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру биыл 20,6 миллиард теңгені құраған. Бірінші жартыжылдықта 77,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген болса, өсім – 4,3 пайызға айналған.

    Сонымен қатар, ағымдағы жылы АӘК-пен 69 489 адам қамтылды. Ал, денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын іске асырудың негізгі мақсаттарының бірі — өңірде өмір сүру ұзақтығын 74,5 жасқа дейін ұлғайту. Айта кету керек, бала туу көрсеткіші артып, қатерлі ісік, миокард инфаркті, туберкулезден болатын өлім-жітім азайды.

    Өңірдің медициналық ұйымдарын қажетті техникамен жабдықтау деңгейі 87,9 пайызды құрады. Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өсті.

    Мемлекет басшысы атап өткендей, денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды мәселесі медицина кадрларымен қамтамасыз ету болып табылады. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін Тараз қаласында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды.

    Ел Президенті 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу туралы тапсырма берді. Осы міндетті орындау аясында өткен оқу жылында облыста 7 жаңа мектеп өз есігін айқара ашты, ағымдағы жылы облыста 23 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 11 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

    Мемлекет басшысының Жолдауы аясында бұқаралық және балалар спортымен айналысуға тиісті жағдай жасау үшін өткен жылы өңірде бірден 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, биылғы жыл соңына дейін тағы да осындай 11 кешен салынады. Нәтижесінде халықты бұқаралық спортпен қамту деңгейі 34 пайызды құрайды.

    Қорытындылай келе, отырысқа қатысушылар – Әулиеата жұртшылығы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалар мен нақты қадамдарды толық қолдайтынын және қойылған мақсатқа сапалы қол жеткізу үшін, атап айтқанда – азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау үшін бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

    Облыс әкімі өзінің орынбасарларына, аудандар мен Тараз қаласының басшыларына, басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

    қатысты посттар

    Шымкентте пневмониядан 23 адам қайтыс болды

    Фариза

    Шымкенттің экономикалық өсім динамикасы екі жылда қалай өзгерді?

    Фариза

    Ауруға ем, сауға қуат – бал қымыз!

    Пікір қалдыру

    three × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.