12 C
Алматы
Пятница, 20 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатЖаңалықтар

    Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

    Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына Мұрат Кәрібайұлы Бектанов тағайындалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады.

    Айта кетейік, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 15 адамның өліміне әкеп соққан Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Министр бұл туралы 27 тамызда өткен брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

    Жарылыс салдарынан 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны — өрт сөндірушілер.

    Мұрат Бектанов 2019 жылдан бері ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы қызметін атқарып келді.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады

    Фариза

    «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамның — «Магистралды жол тораптарының Шымкент бөлімшесі» филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    Фариза

    Қызылордада медицина саласының қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.