-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Арыстағы жағдайдың қайталануына кім кінәлі? Қаза тапқандардың обалы кімге болмақ?

    Арыста болған жарылыс әлі күнге халықтың жадынан өше қойған жоқ. Тек қазақ елін ғана емес бүкіл әлемді дүр сілкіндірген мұндай алапат жарылыстың тез ұмытылып кетуі де, әрине, мүмкін емес. Апат салдарынан адамдар жақынан, үйінен айырылды. Ал, тіпті, ең алаңдаушылық танытатын дүние, ол — Арыстың халқы әлі күнге тағы да жарылыс болатындай үрейдің үстінде отратындығын айтады. Міне, көп өтпей-ақ тағы да бір жарылыс күні кеше Жамбыл облысында орын алды. Тарыдай шашырап қашқан халық пен жақындарынан айырылып зар жылаған адамдардың көз жасы біздің билікке, әсіресе, Қорғаныс министрлігіне, ешқандай сабақ болмаған секілді. Жарылыс болған жерден оқ-дәрілерді екінші жерге көшіріп, қауіпті затқа ие бола алмай, халықтың қаны төгілуіне әкеп соққан мұндай азаға енді кім жауап бермек?

    Естеріңізге сала кетсек, Арыстағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрлігі ондағы барлық оқ-дәрілерді көшіріп, оларды жою, залалсыздандыру туралы тапсырма берген болатын. Осыған қарамастан, неліктен Қорғаныс министрлігі оқ-дәрілерді бір қоймадан екінші қоймаға апарып сақтағысы келді екен? Аталған жағдайға байланысты елдің пікірі сан-саққа жүгірді. Бұл да бір жемқорлықтың көрінісі ме, жоқ, әлде, биліктің алдарқатуы ма, тіпті, елдің сыбысындай өзге елдің қолдан жасаған диверсиясы ма? Бір сәтте екі елде бірдей жарылыстың орын алуы кездейсоқтық па, жоқ әлде расында сыбыс шындыққа жанасады ма?

    Жарылысқа байланысты неліктен диверсия ұғымы пайда болды?

    Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Байзақ ауданындағы әскери нысандағы оқиғаға байланысты былай деп мәлімдеген болатын:

    «26 тамызда сағат 18.45-те «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік оқ-дәрі базасында қоймалардың бірінен өрт шықты. Өртті ауыздықтауға әскери бөлімнің өрт сөндіру күштері дереу кірісті, әскери бөлімнің кезекшісі «Оңтүстік» қолбасшылығы басқармасының жедел кезекшісін және Байзақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімін дереу хабардар етті. Бірінші кезеңде оқшаулау үшін барлығы 500-ге жуық адам тартылды. Кейін олар санын мыңға дейін арттырды. 31 дана әскери техника жұмылды.

    Байқап отырғанымыздай, Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында орын алған жарылыс өрттің салдарынан болуы мүмкін екендігін жасырып отқан жоқ. Сондай-ақ ол қылмыстық іс бойынша да қасақана өрт ұйымдастыру ісін де қарастыратындығын атап өтті. 

    Жарылыс болған уақыттан көп ұзамай қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да оқиғаны өзге елдің диверсиясына теңеп пікір қалдырған болатын. 

    Бұл сөздердің жарыққа шығуы тектен-тек емес екендігі белгілі. Көпшілік бұл жағдайды орыс тіліне байланысты пайда болған шумен байланыстырып, орыстардың әрекеті деп айыптап жатқандарды көруге болады. 

    Ал енді бірі, Тоқаев билік басына келгелі елімізде осындай апаттардың көбейіп кеткендігін айтып, қазіргі президентті орнынан кетіру үшін қасақана жасалып жатқан әрекет деп те сипаттап жатқандаржетерлік. Олардың айтуынша қазіргі таңда билікте талас басталды. 

    Ал енді бір үлкен болжамның бірі – жемқорлық. Қорғаныс саласында қанша министр ауысса да, жемқорлықтың жойылмай келе жатқандығын ендігі бүкіл халық біліп болды. Мемлекет тарапынан әскери салаға миллиондап емес триллиондап ақша аударылатынын да ескерген жөн.  Осы қыруар қаржы біздің әскери қызметкерлерге жетіп, керемет өмір сүріп жатыр деп айту да қиын. Себебі, жуырда ғана әскердегі азаматтар оларға қалдық тамақтар беретіндігін айтып арызданған еді. Бұл – қорғаныс министрлігіндегі жемқорлықтың айқын көрінісі деп атасақ артық айтпаған болар едік. Ал Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бұл болған жарылыс тек 1-2рет қана болған оқиға емес. Бір Арыстың өзінде 4 рет жарылыс орын алған. Бұл да оқ-дәрілерге жұмсалуы керек қаржы өз жетер жеріне жетпегеннің көрінісі екендігі айдан анық көрінуде. Оқ-дәрі -тұтас бір қаланың халқын жойып жіберуге күші жететін дүние. Ал осындай күшке ие затқа ие бола алмаған жауаптыларға соншама халықтың өмірі бір тиынға да тұрмағаны ма?

    Қоғам белсендісі, әрі заңгер Айгүл Орынбек те Қорғаныс саласындағы жемқорлықтың әлі күнге дейін жойылмай келе жатқандығын алға тартып, Нұрлан Ермекбаевға жай ғана отставкаға кете салмай, жемқорлардың есімдерін айтып кетуін ұсынды.

    «Генерал Ермекбаев, Отставкіге жәй кетпей бүкіл тендер ұтқан генералдар мен шенеуніктердің туысқандарын айтып кетіңіз! Ел білу керек еліміздегі жемқор батырларды!
    Мың министр ауысса да, бәрібір нәтиже болмайды. Себебі әскери қорғанысты жемқорлық жаулап емес, ұя салып торлап алған!

    Арыстағы қойма жарылғанда Ермекбаев “бүкіл ауыл аймаққа жақын қоймалар көшіріледі және тексеріліп қатаң бақылауда болады” деп уәде берген еді. Халықтың көбісі біле бермейтін шығар әскерге миллиардтаған емес триллиондаған ақша бөлінетінін.
    Қару жарақ қауіпсіздігіне бөлінген қаржылар тендер арқылы ойнатылып, өртті алдын алатын құрғылардың арзаны орнатылып нәтижесінде тұтанған затты сезбей жарылыс болатынын бірі білсе, бірі білмес. Арыстағы жарылыстан соң сабақ алмадық, мемлекетіміздің қорғанысы саласында тендерді алып тастау керек! Әскери саладағы көптеген жемқорлықпен таныспын! Әскерилердің тамағы, тіпті тегін берілетін киімдері, пәтерақыларына дейін жемқорлық жайлаған! Барлығы тендермен ойнатылады, тендерді ұтатындар сол шенеуніктердің туысқаны. Әскери сарбаздар быламақ жеп жатса да оларға бәрібір. Көп дүние жазуға, ашынып тұрып айтуға болар еді. Қорғаныс саласы еліміздің қауіпсіздігіне қатысты болған соң осымен тоқтайын! Бізді шет ел тыңшылары да оқып отыратынын ұмытпауымыз керек! Әсіресе әскери қорғанысқа қатысты видео мен суреттер таратар кезде мемлекетіміздің қауіпсіздігін ойлаңыздар! Бізге талибандар келіп әуре болмай ақ қойса болады, іштегі жемқор талибандар жетіп жатыр! Ал Генерал Ермекбаев мырзаға айтарым нағыз елін сүйетін офицер болса, бүкіл жемқорлардың тізімін ел алдына шығармасаңыз да, Президентке ашып айтып кетіңіз!» , — деді ол.

    Шындықтың бетке шығуы, әрине, қиын. Алапат жарылыстың нағыз кәнілілері шынымен де жазаланады ма, жоқ па ол да белгісіз. Дегенмен, жағдайды бақылауына алмаған, бір жағдайдың екінші рет қайталануына орын берген жауапты Қорғаныс министрі міндетті түрде жазаға тартылуы керек. Оқ-дәріні сақтаймын деп халқының жанын сақтай алмаған министр жай ғанаотставкамен құтылып кетпек пе?

    қатысты посттар

    Ауруханаға өз аяғымен барды: Нұрсұлтан Күдебаевтың ауруханаға барған видеосы жарияланды (видео)

    Фариза

    Жантүршігерлік жол апатынан кәмелет жасқа толмаған 4 бала қаза тапты

    Нөсер жаңбырдан Түркістан облысының бірнеше елдімекенін су басып, халық эвакуациялануда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.