22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Оқиға

    “Салмағы 810 грамм болыпты…” – тоңазытқышта шетінеген нәрестенің туысы мән-жайды айтты

    Атырау облысында жаңа туған нәрестесі перзентхананың тоңазытқышында көз жұмған келіншектің туыстары кінәлілердің толық жазаланғанын талап етіп отыр. Алтынғаным Ілиясованың айтуынша, дәрігерлер келінің толғағы ерте басталғанын біле тұра, оған қарамапты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

    «Өкініштісі, сол жерден неге босанатын залға апармаған?! Өздері кезінде ашық деп айтты ғой. Келінім патология бөлімінде төсектің үстінде босанып қалған. Сол жердегі акушерка ма, санитарка ма, кім алып кеткенін білмеймін. Әйтеуір біреуі баланы алып кетіп қалады», – дейді шетінеген нәрестенің әжесі Алтынғаным Ілиясова.

    Кейуана жеті қыздан кейін көрген жалғыз ұлының әйелі жүкті екенін білгенде қатты қуанғанын айтады. Оның сөзінше, келіні Нұржамал уақытылы дәрігерге қаралып, күтініп жүріпті. Алайда жүктілігінің 6-айында аяқ астынан өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған екен.

    Артынша келіншек облыстық перзентхананың патология бөліміне жатқызылыпты. Алғашқы көмек көрсеткен дәрігерлер оның толғағы басталғанын айтқан. Алайда келіншекті босану бөліміне алып бармағандықтан, патология бөлімінде босанып қалады. Осылайша, уақытынан бұрын өмірге келген нәрестенің салмағы 810 грамм болыпты.

    Туыстарының сөзінше, бастапқыда олар өздерін «көрер жарығы болмаса керек» деп жұбатқан. Алайда нәрестенің өліміне дәрігерлердің әрекеті себеп болғанын естігенде, төбесінен жай түскендей болған.

    Шетінеген шақалақтың туыстары оның мәйітін жер қойнына тапсырған. Ендігі олар кінәлілердің жазаланғанын талап етуде.

    Еске сала кетсек, Атырау облысында перзентхана басшысы мен акушер-гинекологы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты күдіктеліп отыр. Олар нәрестені тоңазытқышқа салып қойып, өлтірген деп күдіктелуде. Атырау облысында тоңазытқышта өлген сәби үшін перзентхана басшысы қамауға алынды. Аталған қылмыс басшының телефонын тыңдау барысында анықталды.

    қатысты посттар

    Теңізде жәбірленген араб: Қазақстанға ешқашан қайтып келмеймін

    Тірідей өртенген бойжеткеннің өлер алдындағы сөзі…

    Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.