-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысы ветеринариялық пункттермен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда

    Жамбыл облысында төрт түлік жануарлар ауруларының алдын алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 11 ветеринариялық станция мен 160 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Барлығы да заманауи құрал-сайманмен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 7 малдәрігерлік клиника пайдалануға берілмек.

    Соңғы жылдары Жамбыл облысында мал басы артып келеді. Эпизоотиялық жағдай да біршама тұрақты. Төскейде өрген төрт түлікке тосыннан келген кесел болса мал дәрігерлері көмекке әзір:

    Өткен жылдары облыстағы 11 ветеринариялық станциясының 8-і талапқа сай ғимараттармен аудан әкімдіктері тарапынан қамтамасыз етілген. 160 ветпунктің 103-де аптекалар ашылған, қалғаны жыл соңына дейін ашылады.

    Облыс бойынша 3 ветеринариялық станциясы әкімшілік, 57 ветеринариялық пункттер жалдамалы ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімі мен аудан әкімдері арасындағы индикаторлық көрсеткіштерге сәйкес 2021 жылдың соңына дейін 29 ветпункттердің ғимараттарын соғу немесе сатып алу жоспарланған, қалған 26-сы келесі жылдың үлесінде,-дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов.

    Бұл — Жамбыл ауданындағы ветеринариялық станция.

    Мекеме аса қауіпті аурулардың профилактикасы мен диагностикасын жүргізеді. Ветеринариялық анықтама мен төлқұжат рәсімдейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізе отырып, дерекқорға мәліметтерін енгізеді.
    Сонымен қатар, ақылы түрде дезинфекция, дератизация, дезинсекция жұмыстарын, мал ауруларын емдеу, ота жасау сынды ветеринариялық қызмет түрлерін көрсетеді:

    -Тамыз айында ветеринариялық станция маңынан халыққа қызмет көрсететін мал дәрігерлік клиника ашылып, жұмысын бастауда. Соңғы жылдары эпизоотиялық жағдай тұрақты,-дейді аудандық ветеринариялық станция басшысы Сакен Нұржаубаев.

    Бүгінде өңірде мал дәрігерлерінің жалақысы көтерілген. Бұдан бөлек қыстық,жаздық жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі.

    Жамбыл ауданында 2008 жылдан бері мал дәрігері болып жұмыс істеудемін. Қызметтік Нива автокөліктеріміз бар, өткен жылдың соңында толық жөндеуден өткізіп берді.

    Ауылдық округтер ветеринариялық пунктпен мал емдеуге арналған арнаулы егу емдеу алаңымен қамтамасыз етілген.
    Тамыз айынан малдардан сарыпқа қайталап зерттеуге қан алу мен профилактикалық егу жұмыстарын жүргізудеміз,-дейді ветстанция маманы Тулаған Байсүгіров.

    Жалпы, аймақтағы ветеринария ұйымдары эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау мақсатында мемлекет тарапынан 16 аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізеді және 25 түрлі ауруға зертханалық зерттеуге биологиялық сынамалар жеткізу жұмыстарымен айналысады.

    Сондай-ақ аудандардағы барлық ветеринар мамандар қызметтік автокөліктері жаңа үлгідегі логотиптермен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңға облыста мал ауруларын емдеу бойынша ақылы қызмет көрсететін (Т.Рысқұлов, Қордай, Жамбыл, Байзақ аудандарында) 4 клиника жұмыс істеп жатыр, жыл соңына дейін 7 клиника пайдалануға беріледі деп күтілуде.

    қатысты посттар

    Шетелден тәжірибе алмасу үшін медициналық мамандар келеді

    Фариза

    Қызылорда облысына 271 млрд теңге инвестиция алып келу жоспарлануда

    Фариза

    Жаз-атаның тойы туған жерінде кеңінен аталып өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.