7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда Владимир Жириновский мен Қуат Ахметовтің сүйіскен суреті салынды

    Желіде ресейлік саясаткер Владимир Жириновский мен «Тіл майданы» қозғалысының басшысы Қуат Ахметов бейнеленген сурет тарап жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Кәугерлердің айтуынша, бұл сурет Достық даңғылының бойында (Сәтбаев көшесінің төменгі жағында) салынған.

    Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Қазақстанға, соның ішінде қазақ ұлтына қарата айтқан даулы мәлімдемелерімен таныс. Ал, жақында ресейлік БАҚ «Тіл майданы» қозғалысының басшысы Қуат Ахметовті роликтерде «Республиканың заңдары мен Қазақстан тілін танымайтын орыс гастарбайтерлері» және «орыс фашизмі» сияқты сөздерді қолданды деп айыптады.

    YouTube желісінде «Til Maydani онлайн партиясы» деген атпен ашылған жобаның қазір 22,2 мың жазылушысы бар.

    Арнада жарияланатын роликтерде Қуат Ахметов пен оның пікірлестері әртүрлі қоғамдық тамақтану орындарына, дәріханаларға, дүкендерге және мемлекеттік мекемелерге барып, қазақ тілінің қолданысын тексереді.

    13 тамызда РФ Ішкі істер министрлігі Ресей тұрғындары мен басқа мемлекеттерде тұрып жатқан орыс ұлтының өкілдерін қатысты немқұрайлық танытқан, агрессивті түрде тіл тигізген шетел азаматтары Ресей жеріне 50 жыл ене алмайтыны жайлы шешім қабылдап, бұл тізімге қазақстандық белсенді Қуат Ахметов те енді.

    Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.

    қатысты посттар

    Жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық? – Айгүл Орынбек

    Фариза

    “Бұған кінәлі ҚХР азаматтары” Алматы облысы тұрғындары мен қытай жұмысшылары арасында туған дау төбелеске ұласты

    Фариза

    Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.