11 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мойынқұмда мал азығы молынан жиналуда

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды нысандарды аралады. Ең алдымен аудан орталығынан шалғайда орналасқан Қарабөгет ауылдық округіне ат басын бұрған өңір басшысы мұндағы ауыз су құбыры желілерінің жұмысымен танысты.


    Айта кету керек, Қарабөгет ауылдық округіне қарасты елді мекендер бұған дейін құдық суын пайдаланып келген. Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жақсыбек Исаковтың айтуынша, құрылыс жұмыстары қазан айында толығымен аяқталады.

    Бұдан бөлек, Мойынқұм ауданында ауыз суға әлі де қол жеткізе алмай отырған төрт ауылдық округ бар. Оның ішінде ауданның өндірістік аумағында орналасқан Ақсүйек ауылдық округіне ауыз су тартудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Су құбырларын тарту жұмыстары келесі жылы басталмақ.

    Өз кезегінде облыс әкімі шалғай ауылдарда тұратын тұрғындар ауыз судан да, ағын судан да таршылық көрмеу керектігін жеткізді.
    Өңір басшысы бұдан кейін Құмөзек ауылының маңындағы шабындық жердің жайымен танысып, қыр төсіндегі қым-қуыт тірліктің бел ортасында жүрген шаруалармен тілдесті. Жалпы аудан бойынша 744 шаруа қожалық болса, бүгінде олардың басым бөлігі мал азығын дайындаудың қамымен жүр. Дәлірек айтқанда, жоспар бойынша шаруалар 25 мың гектарға жуық шабындықты игеріп, 134 400 тонна мал азығын жинауы тиіс. Қазіргі таңда оның 19100 гектары шабылып үлгерген. «Үркер» шаруа қожалығының жетекшісі Бәкір Исабековтың сөзіне сенсек, бүгінде Шу, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Талас, Байзақ және Жамбыл аудандарының шаруалары шөпті дәл осы Мойынқұм ауданынан тасып жатқан көрінеді.

    Биылғы жылы еліміздің бірқатар аймақтарында қуаңшылық болып жатқанын көріп отырмыз. Соның салдарынан қаншама мал шығыны орын алды. Осындай жағдайға жол бермеу мақсатында мал азығын молынан жинап қалуға күш салудамыз. Қазіргі кезде 3 мың гектар аумақта шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Маусым айынан бастап жұмысқа бірнеше бригада жұмылдырылды. Үстіміздегі жылы мал азығына деген сұраныс күрт көбейіп кеткендіктен жылдағы межені қазірдің өзінде 160 пайызға артық орындадық. Сонымен бірге шөп тапшылығын көріп отырған Қызылорда облысының Арал ауданына көмек ретінде бірнеше тонна шөп жөнелттік. Сұраныс болса шөп шабу науқанын қазан айына дейін жалғастырамыз, – дейді қожалық жетекшісі.

    Шаруалардың жұмысын көзбен көрген өңір басшысы мал азығын молынан жинап, қыс айларына қор жасақтау қажеттігін ескертті.

    қатысты посттар

    Семейде “Менің Қазақстаным” патриоттар форумы өтті

    Шымкен: Көпір мен жол құрылысы басты назарда

    Фариза

    ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.