15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Тұрсынбек Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған репетитор даудың мән-жайын айтты

    Атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты даудың мән-жайын айтып, сұхбат берді. Қызы ҰБТ тапсырып, қылмыстық іс тіркелгеніне бір айдан асса да әзілкеш бұл жағдайдан бейхабар екенін айтты, – деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі “31 арнаға” сілтеме жасап.

    Бірнеше күн бұрын Қазақстандағы танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғали ҰБТ-ға өзге біреуді кіргізіп, тіпті жалған жеке куәлік жасатқаны туралы ақпарат Желіде тарап кетті. 

    Телеарна мәліметінше, бастапқыда орталық басшысы Тұрсынбек Қабатовпен жақсы таныс екенін айтқан. Бірақ Тұрсынбектің өзі орталық басшысын да, қызын дайындаған жетекшіні де танымайтынын мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, бұл жағдайды ол 15 тамызда адвокат Абзал Құспан Facebook желісінде жазба жариялағанда ғана білген.

    “Осы 140+1 мектебінде қызым оқитынын білемін. Сол жерден ҰБТ-ға кеткенін де білемін. Оған кірді, ҰБТ тапсырды. Бірақ ішінде болып жатқан былықты жасаған кім екенін білмеймін”, – деді Тұрсынбек Қабатов. 

    Ал, оның қызын ҰБТ-ға дайындаған жетекшісі Нұрбек Қанай жасаған ісін толық мойындап отыр. Ол Тұрсынбектің қызынан бөлек тағы үш талапкерге жалған құжат жасап, тестілеуге өзге біреуді кіргізген. Ол мұны қазақстандық танымал әзілкештің алдында бедел жинау үшін жасағанын айтты. 

    “Әдемі жоғары балл алса, өзімнің беделімді көтеру үшін істедім. Процесс былай ғой. Мен Әдемінің орнына Сымбаттың суретін қоямын, тек ауыстыра саламын. Басқа ештеңені өзгертпеймін”, – деді Нұрбек құжатты қалай жасағанын түсіндіріп.

    Нұрбек Қанай Тұрсынбектің қызы Әдемінің орнына туған қарындасын кіргізген. Оның айтуынша, екі қыз да тексеруден өзінің жеке куәлігі бойынша өткенімен, кіргеннен кейін орындарын ауыстырған. Ал тексерушіден сытылып кету үшін, алдын ала дайындалған жалған құжатты үстел үстіне қойған. 

    “Екеуі орнымен ауысып қойды ғой. Енді, егер тексеруші келетін болса, пернетақтаның астында жалған құжат бар. Соны көрсетуі керек болды”, –  деді Нұрбек Қанай.

    Бірақ ҰБТ басталған кезде 102 арнасына шақырту түсіп 8 оқушы тестілеуден шығарылған. Жағдайға қатысты қылмыстық іс 13 маусымда тіркелген. Ал, Нұрбектің өзі 4 оқуышының ата-анасы бұл жайтты білмейді, кінәні толық мойныма аламын деп отыр.

    Айта кетейік, бұған дейін 15 тамызда адвокат Абзал Құспан Facebook желісінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы ҰБТ-ға өзге біреуді кіргізгенін жазған еді. 

    Кейін Тұрсынбек Қабатов Instagram желісіндегі парақшасына оқиғаның мән-жайын айтып видео жариялады. Тұрсынбек қызын ҰБТ-ға дайындаған Нұрбек есімді ер адаммен телефон арқылы сөйлескенін видеоға түсірген.

    Оқиғаға қатысты қалалық ПД өкілдері де пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, тергеу барысында жалған куәлік жасау бойынша 22 жастағы күдікті анықталып, факт бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    қатысты посттар

    “Ол кетіп қалғаннан кейін өмірімде үлкен қайғы орын алды” Алагөзовтың экс-әйелі жан күйзелісі жайлы айтты (видео)

    Фариза

    Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

    Фариза

    “Киелі киіз үйдің ішінде іш киіммен билегенді қай қазақтан көрдің, Камшат?” Жолдыбаева тағы да сынға қалды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.