-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: Спорт нысандары демалыс күндері де ашық болуы тиіс

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тараз қаласын аралап, бірқатар спорт нысандарын аралады.

    2002 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан №4 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ат басын бұрды. Оның базасында Тараздағы ірі бассейндердің бірі «Дельфин» ашылған. Мектеп жаттықтырушылары табысты спортшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған. Көптеген тәрбиеленушілері Қазақстанның ұлттық құрамаларында өнер көрсетеді. Мұнда мыңнан астам жас спортшы шұғылданады. Спорт мектебі жаттықтырушылар кабинеттерімен, душ кабиналары бар ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру бөлмелері мен асхана, техникалық кабинетер, заманауи тренажерлері мен спорт жабдықтары бар үлкен спорт залымен қамтылған.


    Спорт мектебі жүзуден, су добынан және велоспорттан, триатлоннан, бессайыстан және үлкен теннис бойынша спортшылар дайындайды.

    Олимпиадалық резервті даярлау орталығында сабақтар 9 түрлі бағытта өткізіледі десек, олар: еркін күрес, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, бокс, дзюдо, ату, каратэ-до, таеквандо, үстел теннисі.Спорт залдары таңертеңнен кешке дейін, әсіресе демалыс және мереке күндері де ашық болуы тиіс. Балалар бос уақыттарын осында тиімді өткізулері керек, — деді аймақ басшысы.


    Сол секілді, облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі 2004 жылы салынған.
    Мекеме директоры Ақжүрек Таңатаров мұнда 20 жаттықтырушы жұмыс істейтінін, 200-ден астам спортшы жаттығатынын жеткізді. Барлық тәрбиеленушілер спорт мектебінің жатақханасында тұрады. Бокс, дзюдо, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, футбол, таеквандо секциялары жұмыс істейді.

    Облыс әкімімен спорт мектебінің ғимаратына жапсарлас құрылыс салу мәселесі талқыланды.
    Қазір үстел теннисімен және көркем гимнастикамен айналысуға арналған спорт кешенінің құрылысы жедел қарқынмен жүруде. Нысанның жалпы ауданы — 11,9 мың шаршы метр десек, оның ішінде 2460 шаршы метрі – спорт залдарына тиесілі. Мердігер – «Тараз Строй 2004» ЖШС-і бүгінде ішкі аумақты ішкі безендіруге және абаттандырумен айналысуда.
    Сондай-ақ, облыс әкімі барған келесі нысан – 1961 жылы салынған Д. Карбышев атындағы № 16 орта мектебі болды. Білім ордасының негізгі корпусының орнына қазір 348 орынға арналған жаңа ғимарат салынуда.

    Өңір басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев іргелес аумақтардың тартымды заманауи көрінісін ойластыруды тапсырды.

    Жаңа мектеп заманауи, әдемі келбетке ие болуы керек. Білім басқармасы сәулетшілермен бірге мектептің ерекше, шығармашылық безендірілуін ойластыруы тиіс, — деді облыс әкімі.

    қатысты посттар

    Жамбылдық 3-6 жас аралы¬ғындағы балалар балабақшамен толық қамтылған

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» БОЙЫНША 3500-ДЕН АСТАМ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ

    Фариза

    Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

    Пікір қалдыру

    eighteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.