9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Жамбылда өкпесі 76 пайыз қабынған зейнеткер сауығып шықты    


     
      Жамбыл облысында өкпесі 76 пайыз қабынған, екі апта  бойы жасанды желдету аппаратымен дем алған, күрделі жағдайдағы науқас  емделіп шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.


    65 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны шілде айының ортасында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар құрылымына  түскен.
    Ауруханаға түскен кездегі жағдайы тым ауыр еді. Оған қоса науқаста қант диабеті, артериалды гипертензия,  тыныс алу жетіспеушілігінің І-дәрежесімен қатар интоксикациялық синдромның болуына байланысты жансақтау бөлімінде бақылауда болды. Түскен күннен бастап, тыныс алу жетіспеушілігі ІІ,ІІІ-дәрежеге дейін төмендеп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


    Дер кезінде  жүргізілген кешенді  емнің арқасында пациенттің жағдайы жақсарған. Науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер оны екі апта бойы үздіксіз бақылауда ұстап, тиісті ем-шаралар ретін жүргізіп отырды. Дегенмен, қосалқы аурулары болғандықтан, әрең өзіне келген ана тиісті медициналық шаралар нәтижесін берген соң есін жиып, өздігінен дем алуға көшті.


    «Жаз мезгілі той мезгілі демекші,  4 күн қатарынан ұят болмасын деп барған едім. Бесінші күні дене қызуым көтеріліп, әлсіздік бойымды басып алды. Буындарым ауыра бастады. Ел салдырып жатқан вакцинаны да алған жоқ едім. Үйден дәрілер ішіп, уколдар қабылдадым. Өздігінен жүргізілген емнен жағдайым жақсармаған соң, жедел жәрдем шақырдым. Осылайша ауруым одан сайын асқынып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтым. Мұнда келгенде екі жақты пневмония, өкпенің 76% қабынуы деген диагноз қойылды. Екі жеті өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы жаттым. Дәрігерлердің күш-жігерінің нәтижесінде қауіпті вирустан аман қалдым. Мені бейінді бөлімшенің палатасына ауыстырды, онда емдеуді жалғастырдым. Барша ақ халаттыларға алғысымды білдіремін», — деп, ауруханадан шығарда ағынан жарылды. Ауырғаннан — ауырмаудың алдын-алайық.


    Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап облыста 305 824 адамға вакцина салынған. Оның ішінде «QazCovid-in» – отандық вакцинасы — 8 495 адамға, сондай-ақ, 338 910 доза — «Спутник V» вакцинасының 1-ші және 239 640 доза 2-ші компоненті алынған.

    қатысты посттар

    МӘМС бойынша тегін стоматологиялық көмекті кімдер ала алады

    Фариза

    30 теңге алып көз тиген, жын кіргендерді емдейтін Түркістандық қария кім?

    Нехватка этих продуктов вызывает головную боль

    Пікір қалдыру

    twenty − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.