21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    “Қаладан шыққан адамдар жауапкершілікке тартылады” – Уханьдағы қазақстандық студенттер

    Ақтөбелік 18 жасар студент Әнел Сисенғалиева Ухань қаласында 2 жыл бойы тілдер курсына қатысқан. Қазір қазақстандық студент Нанкин университетінде бірінші курс студенті екен. Ал жақын күндері ол демалысын Ухань қаласында өткізбекші болған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    “Ақтөбеге билет қымбат тұрады, оған қоса демалыстары да қысқа. Қызымның кураторлары кетіп қалыңдар деп жазыпты. Жарты сағаттан кейін Қытай билігі қаланы жабамыз деп хабарлаған. Ертерек айтқанда қызым шығып үлгеретін еді. Қазақстандық студенттерге сендерді эвакуациялайды деген жалған ақпарат таратыпты. Сөйтсе олар тек шетелдік тәлімгерлердің тізімін жинастырыпты”, – дейді Қытайдағы студенттің анасы Рабиға Сисенғалиева.

    Рабиға қызы екеулерінің арасындағы байланысты жоғалтпағанын айтып отыр. Сөзінше, қалада ешкім сыртқа шықпайды екен, көптеген дүкендер жабылып қалған. Тек ірі супермаркеттер жұмыс істеп жатыр. Әрбір адамға медициналық бетперде, дене қызуын өлшеуіш пен дезинфекцияландыратын құралдар өте қажет көрінеді.

    “Қазір жатақханадан шығуға және сағат 17-21 аралығында терезе ашуға тыйым салынған. Бұл кездері далаға дезинфекцияландыратын дәрімектер себіледі. Біз супермаркеттен келе жатқанымызда тікұшақтың дыбысын естідік. Қалада адам өте аз, барлығы бетпердемен жүреді, транспорттар тоқтаулы. Студенттер өз қалаларына қайтқылары келеді, бірақ әуежайлар мен вокзалдар жабылған. Бір тәлімгер таксимен кетіп қалмақшы болған. Бірақ қаладан шыққан адамдар жауапкершілікке тартылады деген сыбыстар таралуда. Бұл жерде қазақстандық студенттер көп: 80-90 шақты адам. Өзімді жақсы сезінемін, бірақ үйге қатты қайтқым келеді. Қатты қорқамын”, – деді Әнелдің өзі.

    Өз кезегінде Рабиға Сисенғалиева өзінің қызы мен басқа да қазақстандық студенттерді елімізге оралуына көмектесеңіздерші деп билікке өтініш айтты.

    “Балалардың барлығы сау. Осы айдың 20-на таман Ақтөбеге екі қыз оралған. Оларды шығарыпты. Қазақстанның басқа қалаларына тағы үш студент келіпті. Үш күннен кейін қалғандары сыртқа шыға алмай қалған. Билік студенттерді Қазақстанға әкеп, ауруханаға жауып қойсын, ешнәрсе демейміз, тек балаларымыз елімізге оралса болғаны. Ол жақта болғанша, өзіміздің жанымызда болғаны жақсы. Ертең Қытайда азық-түлік бітіп жатса, олардың күндері не болмақ?” – деді Рабиға Сисенбекова.

    Алдағы уақытта ол елшілік баратындығын жеткізді.

    Сонымен қатар тағы бір Қытайда білім алып жатқан Қазақстандық тәлімгер Гүлбақыт Болатбекқызы  Ухань қаласынан видеүндеу жариялады. Сөзінше, қаладағы жағдай жақсы емес, десек те тұрғандар бас ұрып, әбігерленіп жүрген жоқ екен. Барлығы тыныш, ешкім бетпердесін тастамайды. Тауарлардың жетіспеушілігі де жоқ сыңайлы.

    Гүлбақыт үрей тудырып отырған БАҚ өкілдері дейді. Олар ақпаратты дұрыс таратпағандықтан, басқа елдің тұрғындары не ойларын білмей, дал болуда.

    “Бұл жазбаны мен өзімнің жақындарымды сабырға шақыру үшін жазып отырмын. Біз бір-біріміздің етін жейтін зомбилерге айналып жатқан жоқпыз. Барлығы да тұрақты түрде жұмыс жасап жатыр. Бәрі де бар. Ешкім сырт мемлекетке бас сауғалап қашып жатқан жоқ. Бізге тек сіздердің қолдауларыңыз қажет”, – деді Гүлбақыт Болатбекқызы.

    қатысты посттар

    Алматыда дәрігерлер жүкті келіншектің жатырын рұқсатсыз алып тастаған

    Фариза

    Маска жоқ деген халыққа Біртановтың бар айтқан сылтауы: “Сау адамға қажет емес” (видео)

    КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ТАЛАП ЕТІЛДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.