9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін тексеру нәтижелері жарияланды

    ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84 пайызға дейін көтерді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа моделіне көшу жөніндегі Ұлт жоспарының 68-қадамын іске асыру шеңберінде Қазақстан ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесікен жұмысы ИКАО тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша, 2021 жылдың 2-11 тамыз аралығында ұшу қауіпсіздігі бойынша жүргізілген ИКАО тексеруінің алдын ала нәтижелері бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15 пайызға асып, 84 пайызға жетті», — делінген хабарламада.

    ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өсуі тексерудің келесі салалары бойынша көрсетілді:

    • — Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61 пайыздан 81 пайызға дейін;
    • Азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37 пайыздан 75 пайызға дейін;
    • Аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87 пайыздан 95 пайызға дейін;
    • Әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) 56 пайыздан 90 пайызға дейін;
    • Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47 пайыздан 53 пайызға дейін.

    Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа деңгейіне қол жеткізді (84 пайыз).

    «Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз көптеген еуропалық елдерден жоғары орналастық және Нидерланды – 87 пайыз; Бельгия – 87 пайыз; Португалия – 87 пайыз; Чехия – 87 пайыз; Латвия – 86 пайыз; Дания – 85 пайыз; Исландия – 84 пайыз; Польша – 84 пайыз; Словения  – 82 пайыз, Кипр — 82 пайыз сияқты еуропалық елдермен қатар тұрмыз.

    Нәтижелер жақын арада ИКАО сайтында ресми түрде жарияланады және барлық мемлекетке қолжетімді болады.

    ИКАО-ның осы тексеруі азаматтық авиация саласын басқарудағы жаңа тәсілді және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыру бойынша бұрын анықталған ескертулерді жою бойынша Қазақстан қолжеткізген прогресті бағалауға бағытталған. Жалпы, ИКАО саланы реттеуде айтарлықтай өзгерістер болған жағдайда елді тексеруді бастайды.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін

    Фариза

    Қазақстанға 11 елден келуге шектеу қойылып, Египетпен әуе байланысы тоқтайды

    Фариза

    Қытай қазақстандықтарға визасыз режим беру мүмкіндігін қарастырмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.