-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жуалыда ғылыми негізде элита тұқымын өндіретін шаруашылық құрылды

    Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Сансызбай» шаруа қожалығы аудандағы ірілі-ұсақты 20 шаруа қожалығына жоғары репродукциялы тұқым сатқан. Ендігі кезекте 50 гектарға себілген мақсары алқабынан 50-70 тонна өнім жинап, алдағы жылы егіс көлемін 1000 гектарға арттырмақ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.


    Жетітөбелік Күлімхан Қырғызбаева басқаратын «Сансызбай» шаруа қожалығы сүт бағытында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл кәсіпті ол «Гольштейн» тұқымды 76 бас қара ала мүйізді ірі қара сатып алып бастаған еді. Осылайша ол мал басын 200-ге жеткізген. Сауын фермасы автоматтандырылған. Онда екі сауыншы жұмыс істейді. Қазіргі таңда бір сауында бір жарым тоннаға жуық сүт сауылып, күндегісі күнделікті келісімшарт негізінде Тараз қаласындағы «Көкжиек-2030» сүт өңдеу компаниясына жөнелтілуде.


    Қазіргі таңда қожалық арпа-бидай мен мақсарының жоғары репродукциялы тұқымын дайындаумен де айналысуда. Ғылыми негізде жұмыс істей бастаған қожалықтың бұл рұқсатты алуы оңайға соқпаған. Ол үшін кәсіпкер егін егудегі ізденісі мен жаңашылдығының арқасында ғана осындай нәтижеге қол жеткізген.
    Қожалық Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Красноводопад тәжірибе стансасымен байланыс жасай отырып, алдыңғы жылы 14 тонна арпаның «Бәйшешек», мақсарының 0,5 тонна «Ииркас» элита тұқымын егіс алқаптарына сепкен. Сөйтіп аудан шаруаларын бірінші репродукциялы 50 тонна мақсары, 70 тонна арпа тұқымымен қамтамасыз еткен еді.


    «Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жолдасым Сансызбай «Жасұлан» шаруа қожалығын құрған болатын. Сөйтіп егін және мал шаруашылығымен қатар айналысып келдік. Әрине, тоқырау жылдары кәсіп бастау, қожалық құру оңай шаруа болмады. Дегенмен, сол қиындықтардың барлығын еңбектің арқасында еңсере білдік. Жоспарлы жұмысымызды жолға қойған соң, атап айтсақ, 2015 жылы «Сансызбай» шаруа қожалығын аштық. Қожалық алғашында мал шаруашылығымен айналысса, қазіргі таңда тұқым шаруашылығын қатар алып жүруге бейімделуде. Өйткені, ғылыммен байланыса отырып шаруашылықты дамытпаса болмайтынын түсіндік. Былтыр элиталы 10 тонна бидай тұқымын – 200, арпаны – 150 гектар алқапқа, ал 12 тонна мақсарының элита тұқымын – 50 гектар алқапқа септік», — дейді Күлімхан Мекенбайқызы.
    Бұдан бөлек, шаруашылық элиталы тұқымға жартылай арзандатылған бағамен субсидия алыпты. Қожалық жетекшісі оның да шаруашылық үшін үлкен пайдасы болғанын жеткізді.
    «Биыл аудандағы ірілі-ұсақты 20 шаруа қожалығына тұқым сатық. Оның ішінде, мақсары мен арпаның бірінші репродуктивтік өніміне сұраныс жоғары болды. Биыл мақсарыдан 50-70 тонна жинаймыз деген жоспар бар. Егер өнім біз ойлағандай жиналса, алдағы жылы егіс көлемін 1000 гектарға арттырмақпыз. Осылайша жоғары репродукциялық тұқымның көлемін ұлғайту алдағы тұрған жоспарымыздың бірі», — дейді ол.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында криминогендік ахуал тұрақты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ӨКПЕНІ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

    Фариза

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМДА ШЫМКЕНТТІК ЖАС ЭКОЛОГ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.