-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қордайдағы зауыт аумағында 3 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапарымен Қордай ауданына барып, биофармацевтикалық зауыттың жұмысымен және бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Гвардейск кентіндегі биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына іргелес аумақта үш көппәтерлі тұрғын үй, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Мердігерлер – «БазисДорСтрой» және «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Барлық нысандар қыркүйектің алғашқы онкүндігінде тапсырылады деп күтілуде. Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды жүктеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.


    Содан кейін биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-да штабтың кезекті отырысы өтті, онда коронавирусқа қарсы шығарылатын вакцина көлемін арттыруға байланысты мәселелер қаралды.
    Жұмыс сапары барысында Бердібек Сапарбаев Отар ауылындағы Мәдениет үйі құрылысының да барысымен танысты.

    Мердігер – «Байсын — А» ЖШС нысанды бір ай ішінде тапсыруға ниетті. Жаңа мәдениет ошағының құрылысына әсіресе жергілікті көркемөнерпаздар қуануда. Нысан ауыл жастарына дайындық өткізіп, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін орынға айналмақ. Балалар мұнда түрлі үйірмелерге қатыса алады. Мұнда кітапхана орналаспақ. Акт залы 180 көрерменге есептелген.
    Облыс әкімі мердігер компанияға ғимарат аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.
    Айта кетейік, бұдан бөлек ауданға қарасты Жамбыл ауылында да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мәдениет үйі салынуда десек, жақында Қарасу ауылында тағы бір Мәдениет үйінің құрылысы басталмақ.
    Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділет Қаспақбаевтың айтуынша, Қордай ауданында төрт түліктің қыстауына қатысты мәселелер, жем-шөп тапшылығы туындамайды деп күтілуде. Мал қыстауын алаңсыз өткізу үшін 267 200 тонна шөп қажет десек, жоспар 98 пайызға орындалған. 74 200 тонна сабан (жоспарланған көлемнің 67 пайызы), 15 000 тонна пішендеме (100 пайыз) дайындалды. Шөп шабу жұмыстары әлі де жалғасуда.
    Қордай ауданына су ресурстарының басым бөлігі Қырғыз Республикасының аумағынан келеді. Биыл су аз болғандықтан, көршілермен келіссөздер кезінде де ауданның қажеттілігі үшін керекті су көлемін өткізу туралы мәселені толығымен шешу мүмкін болмады. Қордайлықтар бұл түйінді түйткілді шешудің жаңа жолдарын қарастыруда.
    Қордай ауданында барлығы 39,4 мың гектар суармалы жер бар. 12 830 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген. Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру жобалары аясында 13 канал күрделі жөндеуден өтуде. Онда 44 658 метр ирригациялық желі қамтылады. Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен 9 арнаға ағымдағы жөндеу жүргізілуде, ұзындығы 34,9 шақырым арнаны тазарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар, ұзындығы 3,1 шақырым жаңа арна салынып, үш су қоймасының құрылысы жоспарлануда.
    Қазірге дейін ауданға Шу өзенінен 45,92 млн текше метр су келген. Шаруа қожалықтарына су кестеге сәйкес берілуде.

    қатысты посттар

    Кәсіп түбі — нәсіп!

    Шымкентте жедел жәрдем қызметі толығымен цифрлық жүйеге көшті

    Фариза

    Шымкен: Көпір мен жол құрылысы басты назарда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.