19 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Жаңалықтар Экономика

    Шу ауданында 13 мың гектардан аса аумаққа пияз егілді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен танысуда.

    Облыс әкімі бұл жолы Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, онда егіс алқаптарын аралап, шаруашылық басшыларымен тілдесті.

    Білім нысандарына да ат басын бұрып, жол құрылыстарының барысын барлады.

    Бердібек Сапарбав «Qyzylsha» ЖШСнің қызылша, жүгері, картоп алқаптарымен танысты. Шаруашылық иесі суару қондырғысын 1 122 гектарға орналастырып, аз шығынмен мол өнім алуды көздеп отыр.


    «Серіктестік иелігінде жалпы суармалы жер көлемі 3 819 гектар болса, оның ішінде 1 819 гектар жерді маңайдағы ұсақ шаруа қожалықтарды біріктіру арқылы ұқсатып отырмыз. Бұдан бөлек қосымша 3 048 гектар жер учаскесі жер комиссиясының оң шешімін тапты. Су үнемдеу технологиясын 1 562 гектарға қолданып отырсақ, 1 122 гектары жаңбырлатып, 440 гектары тамшылатып суару арқылы ылғалдандырылып отыр. Тарқата айтқанда, 765 гектар қызылша мен 305 гектар алқапқа дәндік жүгері егіп, оны жаңбырлатып суару үстіндеміз. Тамшылатып суару технологиясы қолданылып отырған алқаптың 113 гектарына 5 түрлі шетелдік картоп ектік. Жалпы серіктестік 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр», – деді аталған шаруашылықтың бас директоры Мұқаш Үсембаев.

    Өз кезегінде аймақ басшысы серіктестіктің кезінде арпа-бидай ғана егілетін алқапты бүгінде картоп, қызылша, қырыққабат, тәтті бұрыш секілді көкөніс және басқа да дақылдар егетін алқапқа айналдырғанын басқаларға үлгі тұтты.

    Аталған шаруашылықта жаңбырлатып суару технологиясын үйлестіруші «аванкамера» қондырғысы да жұмыс істейді. Сыйымдылығы 7,5 мың текше метрді құрайтын аталған «аванкамераға» су «Тасөткел» магистральды каналы арқылы жиналады.


    Облыста 22 мың гектар пияз егілсе, соның 60 пайызы, яғни 13 мың 300 гектары Шу ауданына тиесілі. Тамшылатып суару арқылы мол өнім алуды көздеген шаруаның бірі – Л.Сандуров.

    Келесі кезекте Б.Сапарбаев «Тасөткел» су қоймасының жай-күйін көрді. «КазСуШар» республикалық мемлекеттік мекемесінің Тасөткел су қоймасы өндірістік бөлімшесінің басшысы Н.Кирбаев қазына қаржысынан бөлінген тиісті қаражатқа жүргізілген жаңғырту жұмыстары жайлы егжей-тегжейлі баяндап, аталған су қойманы нығайту бағытында әлі де атқарылар шаруалардың бар екенін жеткізді.
    Ұлы Отан соғысының ардагері, бүкіл саналы ғұмырын бала оқытуға арнаған ұлағатты ұстаз Әшімқұл Тілеужанов атындағы саябақты майдангердің ұрпақтары өз қаржысынан 47 миллион теңге жұмсап, тақыр жерді бір мезет сейіл құру орнына айналдырған екен.

    Аймақ басшысы бұдан кейін Төле би ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп жанынан салынып жатқан жапсарлас нысан және әл-Фараби атындағы орта мектептің құрылыс жұмысын барып көрді.

    Сондай-ақ Бердібек Машбекұлы «Шу – Бурылбайтал» автожолының Мойынқұм бағыты аумағының құрылыс және Шу өзенінен өтетін көпірдің, «Меркі – Шу» автожолының теміржолдан өтетін көпір құрылысымен танысты.
    Бердібек Сапарбаев «Меркі – Шу» автожолының теміржолдан өтетін көпірінің құрылысы бар-жоғы 8 шақырымды құрайтынын, осы жұмысты аяқтаудың кешеуілдеу себебіне, неліктен қыркүйек айына дейін созылатынына назар аударды.

    Облыс әкімі аталған құрылыс нысандарына жауапты өкілдерімен тілдесіп, «Меркі – Шу» автожолының құрылысын қысқа мерзім ішінде аяқтау жөнінде тапсырма берді.

    қатысты посттар

    “Шизофрения, аутизм, эпилепсия…” Алматыдағы ерекше жандар қызмет ететін дәмхана

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда

    Фариза

    Алматыдағы жағдай күрт нашарлады – Бекшин

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.