-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда апта сайын шөп жәрмеңкесі өтуде

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жем-шөп дайындау, егістікті сумен қамтуға қатысты нақты міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай, Жамбыл облысында бірқатар жұмыстар қолға жүзеге асуда.

    ​Биыл ауа райының қолайсыздығы мен қуаңшылықтың салдарынан   шабындықтарды өнімділік төмендеген.  Бұл өз кезегінде мал азығына қажетті жем-шөп бағасының өсуіне әсер етті. Осыған байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Бірлесіп жасалған істен береке тарқамайды» атты облыс халқына айтқан үндеуінде қажетті шөпті жинап алу үшін ішкі барлық ресурстарды пайдалануды тапсырған-ды. Яғни, бірінші кезекте мал азығына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге қамданып, шабындықтардан, басқа сай-саладағы, өзен аңғарларындағы жерлерден шөп дайындауға шақырған болатын. Соның негізінде әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі ұйымдастыру қолға алынуда.

    ​«Бүгінгі таңда тау аңғарларынан, сай-сала, өзен арналарынан қосымша пішен дайындау жұмыстары басталып кетті. Биыл Сарысу, Мойынқұм және Талас аудандарындағы Шу, Талас және Аса өзендерінің бойындағы өнім өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғандықтан, ірі шаруа қожалықтарға шөпті аталған аудандардан орып алу ұсынылды. Бұдан бөлек, кейбір аудандағы шаруалар өз меншігіндегі сай-салаларды халыққа бөліп беріп отыр. Осылайша шөп дайындау жұмыстары Жуалы тағы бір-екі ауданда  ұйымдастырылуда. Сондай-ақ біздің басқарма тарапынан өткен сенбіден бастап барлық аудан орталықтарында «жем-шөп сату» жәрмеңкесін өткізу қолға алынды», — дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов. 

    ​Мал азығы бағасының негізсіз шарықтап кетуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке барлық ауданда әр сенбі сайын өткізілетін болады.Мәселен, өткен жәрмеңкеде Мойынқұм ауданына жеткізілген бір бау жоңышқа – 1000, пішен – 500, бір орама шөп (рулон) – 3500 теңгеден өткерілді. Жалпы жәрмеңкеге 1600 бау пішен, 1000 бау жоңышқа және 500 орама шөп (рулон) жеткізілген.

    ​Сол сияқты Т.Рысқұлов ауданында өткен жәрмеңкеде 36 тонна жоңышқа, 56 тонна пішен және 28 тонна сабан сатылған.

    ​Меркі ауданында ұйымдастырылған жәрмеңкеде жоңышқа – 1400, табиғи шөп – 900, сабан – 600 теңгеден саудаланды. Ал Талас ауданында жоңышқаның бір бауы – 1200, пішен – 800, Жамбыл ауданында бір бау пішен – 850 теңгеден айналған.

    ​Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бұл жәрмеңкенің алдағы апталарда да тұрақты ұйымдастырылатындығын жеткізді.

    қатысты посттар

    Бердібек Сапарбаев «Тараз» кәсіпқой волейбол клубын жеңісімен құттықтады

    Фариза

    Б. Сапарбаев өңірдегі шаруалармен кездесті

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі Кореяның бас консулымен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.