-10.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда ауылдастары мұқтаж отбасына үй салып берді

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Тұрар Рысқұлов ауданыны Луговой ауылында тағы бір баспананың кілті табысталды.

    Тұрғын үйдің құрылысына ерікті жастарданқұрылған «Жан жылуы» қайырымдылық қорымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және де қарапайым ауыл тұрғындары үлес қосқан.

    «Асарлатып үй салу» жобасымен ауданда өткен жылы жоспарланған 16 үйдің 14-і салынған. 2 дайын үй сатып алынып, мұқтаж отбасыларға тапсырылған болатын. Биыл тағы да 15 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жолы жоба аясында демеушілердің көмегімен Луговой ауылының тұрғыны, ерекше бала тәрбиелеп отырған Дария Тулендиева баспаналы болды.

    «Қуанышымда шек жоқ. Осындай өз үйіміз болса екен деп қанша армандап едік. Арманымыз орындалды. Қайырымды жандар арамызда әлі де бар екен. Оған бүгін көзім жетті. Осындай тамаша жобаға бастамашы бола білген облыс басшылығына, жұмылған жұдырықтай болып, асарлатып үй салып берген ауылдастарыма, жалынды жастарға үлкен ризашылығымды білдіремін. Елімізде тек тыныштық болуын тілейміз»,-дейді қоныс той иесі Дария Тулендиева.

    Қоныстой иесін құттықтау үшін игі іс-шараға аудан әкімі, ардагерлер мен қайырымдылық шарасына ат салысқан жандар қатысты.

    Баспана кілтін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов табыстап, бірлік бар жерде тірлік бар екенін тілге тиек етіп, асарлатып үй салған ауыл тұрғындарына алғыс айтты.

    Тұрғын үйдің бой көтеруіне айрықша үлес қосқан ауыл азаматтары мен кәсіпкерлерді аудан әкімі Ерболат Садырқұлов алғыс хаттармен марапаттады.

    Жаңа баспананың құрылысы 3 айда аяқталған. 5 миллионға жуық қаражат жұмсалған. Ауыл кәсіпкерлері, сырттағы аудан тумалары, ерікті жастар мен ауданның жанашыр азаматтарының демеушілік көрсетуімен жүзеге асқан жоба алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

    Жалпы, игі қазақы дәстүрді жаңғыртқан «Асарлатып үй салуы» жобасы жамбылдықтардың айрықша қолдауына ие болды. Аталған жоба аясында өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 99 тұрғын үй салынған болатын. Биыл тағы 134 үйдің құрылысы басталған, бүгінге дейін 20-ға жуық отбасы басыналы болып үлгерді. Осылайша, жоба аясында облыста жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 233 үй бой көтеретін болады.

    қатысты посттар

    ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша жыл бойы алдыңғы қатарлардан көрініп келеді

    Фариза

    Қызылордада қосымша 3 зертхана іске қосылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.