12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қазақстандық киік қорғаушылар: адамзатты алаңдатқан ақбөкен мен инспекторлар тағдыры (ФОТО)

    Қазақ ұғымында «Құралайдың салқыны» деген сөз бар. Бүгінгі таңда оның сирек қолданылып, ұғымы да көмескіленіп бара жатқаны өтірік емес. Қырдағы қариялардың аузынан оқтын-оқтын естіп қалып жататынымыз болмаса, қаладағы жұрттың көбі оны әлдеқашан ұмытқан. Құралайдың салқыны басталғанда қасиетті жануар да төлдеуді бастайды. Киіктің жаппай төлдеуі, төлін аяқтандыруы табиғаттың құбылмалы, салқын кезіне дөп келгендіктен ата-бабамыз бұл кезді «құралайдың салқыны», «құралайдың суығы», «киіктің лақ өргізбесі» деп атап кеткен.

    «Сапар алыс, жол ұзақ»

    Расында, мамырдың орта тұсында қалың киімінен жеңіл­деп, жылымық ауаға бой үй­ре­те бастаған жұртты бір тоң­дыратын қоңыр салқын күндерді «Құралайдың салқыны» деп атау­дың өз мәні бар. Биылғы көктем ерте келді ме, әйтеуір, «Құралайдың суығы» басталғандай күн райы бұзы­лып, Қызылордада екі-үш күн бойы нөсерлі жаңбыр төгіп тұрды. Суық ызғар да бойымызды жауратты.

    Жалпы, ақбөкендер туралы аңыз әңгімелерге бала кезден қанып өстік. Ауылда талай рет әке-аталарымыздың, қарттардың аузынан тамсана тыңдағанбыз.

    Тіпті:

    – Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

    Бетпақ – шөл, ойлы-қырлы панасы бар.

    Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,

    Жәндіктің киік деген баласы бар, – деп басталатын атақты ақын Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін үтір-нүктесіне дейін жаттап өскенбіз.

    «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» демекші, ақбөкендердің төлдеу маусымы мен оларды күні-түні қаскөй браконьерлерден кірпік ілмей қорғап жүрген қызылордалық инспекторлардың өмірімен танысу мақсатында «Охотзоопром» ӨБ» РМКҚ Қызылорда өңірлік филиалының директоры Берік Жорабековке хабарластық.

    Берік Сейітқасымұлы ә дегеннен қарсы болмады.

    – Қазіргі таңда облысымызда кең көлемде «Киік» акциясы жүріп жатыр. Бұл шешім киік аңының көбею уақытында және басқа да жануарлар дүниесін қорғау, табиғат заңдылығын сақтау мақсатында еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы жылғы ақпан айындағы бірлескен бұйрығына сәйкес қабылданған. Осыған орай, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, аудандық, қалалық полиция бөлімдерінің, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің, «Охотзоопром» ӨБ» филиалының, аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінен құралған мобильдік топтар құрылды. Олар киік аңдарының миграциялық жолдарында қорғау шараларын күшейту мақсатында жедел топ қызметкерлері, автокөлік құралдарымен және тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, облыс көлемінде бірлесіп қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Ақбөкендер мамыр айының екінші онкүндігінен бастап төлдейді. Сіздер сәл кешігіп қалдыңыздар. Себебі, жаппай төлдеу уақыты бүгін-ертең аяқталады деп күтілуде. Дегенмен, «ауызды қу шөппен сүртуге болмайды». Бұйыртса, біздің инспекторлардың өмірімен танысып, киіктердің төлдеу маусымын өз көздеріңізбен көріп қайтасыздар, – деді ол.

    Директор өз сөзінде біздің өңірде журналистер қауымының инспекторлармен бірге сыртқа көп шыға бермейтінін жеткізді.

    – Біздің тәжірибемізде журналистердің инспекторлармен бірге сыртқа шыққаны, ұмытпасам, 1-2 рет ғана болған. Оның өзінде, телеарна жігіттері. Мерзімді басылымдардың журналистерін алғашқы рет алып шыққалы тұрмыз. Басын ашып айтайын, жол шаршатады. Сапар ұзақ. Сондықтан, 3-4 күн жол жүруге тура келеді, – деп нақтылады Б. Сейітқасымұлы.

    Біз қашан да дайын екендігімізді айтқан соң, филиал директоры күні мен уақытын қосымша хабарлайтындығын жеткізді.

    «Ақбөкен – сахараның бота көзі»

    Ертеңіне келіскен уақытта қажетті заттарымызды сайлап, жолға шықтық. Жолбасшыларымыз – шетінен тәжірибелі, сақа жігіттер екендігі көрініп тұр. Жол талғамайтын арнайы көліктің тізгінінде – «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Айбол Айдарбеков.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 8.jpg

    Екінші үзеңгілесіміз – Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжабек Холов.

    Сапарластарымыздың екеуі де қарапайым, өте әңгімешіл жандар екен. Қаладан шығар-шықпастан әңгімеміз жарасып кете барды. Негізгі тақырыбымыз – киіктер жайлы. Әркім өз білгенін айтып жарысып келеді. Әсіресе, біз. Ақбөкендер туралы бала кезден естіп өскен әңгімелерді бірінші айтуға тырысамыз. Сөйтсек, біздің даланың ерке жануары туралы білмейтініміз мүлдем көп екен. Оны үзеңгілестеріміз айта бастағанда ұқтық. Киелі киік деген жануардың біз білмейтін талай қасиеттерін естігенде, таңдай қақпауға шарамыз қалмады.

    – Қазақстан аумағында ақбөкендердің Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары таралған. Оның ішінде, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарының аумағында Бетпақдала популяциясы кеңінен кездеседі. Ғылыми ұйымдармен жүргізілген санақ жұмыстарының 2019 жылғы қорытындысымен Бетпақдала популяциясы – 111 500 басты, Орал популяциясы – 217000 басты, Үстірт популяциясы – 5900 басты, барлығы – 334 400 басты құраған. Елімізде киіктер 2018 жылмен салыстырғанда 55 пайызға көбейген. Киік аңының саны күрт азайып кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі №969 қаулысына сәйкес, киік аңдарын 2020 жылға дейін аулауға тыйым салынған. Мұнан соң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2020 жылдың ақпан айында 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, ғылыми ұйымдар тарапынан биологиялық негіздеме әзірленіп, ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа еліміздің бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салу мерзімі енгізілді, – дейді Олжабек Амантайұлы.

    Қазақ киікті киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам оңбайды деген сенім бар. «Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кетеді», дейді үзеңгілестеріміз. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады.

    Бір қызығы – ақбөкендердің табындарын текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді екен. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға қосылмайды. Әсіресе, киіктер төлдейтін кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен кетеді.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 26.jpg
    «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Айбол Айдарбеков

    – Киіктер мамыр айының 10-15 күндері аралығында жаппай төлдейді. Осы кезде ауа райы күрт бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың салқыны» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Тек ең алғашқы төлдеуінде ғана бір лақ туады. Екінші төлдеуінен бастап екіден үш лаққа дейін төлдейді. Кейде төрт лаққа дейін туатындары кездеседі. Киіктер алдын-ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап, лақтарын түрегеп тұрып туады. Басқа ешбір жануарда кездеспейтін ерекшелігі – ақбөкеннің ешкілері төлдемес бұрын, таңдаған жерлеріне шеңбер жасап, тоқтамастан 60 шақырым айналып жүгіреді. Алпыс шақырымнан аса бергенде таңдаған жеріне жүгіріп келіп тоқтайды да, бас-аяғы 2-3 минуттің ішінде төлдеп үлгереді. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді. Ал, туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз, – дейді инспектор Айбол Базарбайұлы.

    Ақбөкендердің басқа жануарларда кездеспейтін ерекше қасиеті – олар өз іштерінде табиғи тепе-теңдікті сақтап отырады. Яғни, ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып кетсе, сол жылы табында кілең еркек лақтар туылады. Керісінше, киіктердің ешкілері азайса, олар жапа-тармағай ұрғашы лақтарды өмірге әкеледі. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылайды. Осы кезде туған ұрғашы лақтар алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін олар жалғыз лақ, келесі жылы егіз туады. Ал еркек лақтардың жөні басқа. Олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек екен.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 41.jpg
    Түйетабан өсімдігі

    Құдайдың құдіретіне шек бар ма, киіктер төлдейтін кезде оларға табиғаттың өзі қарасатын көрінеді. Мәселен, ақбөкеннің ешкілері төлдейтін кезде ғана түйетабан аталатын өсімдік өседі екен. Киіктер лағын осы шөптің үстіне туады. Түйетабанның ерекшелігі – оның жапырағы үлкен, алып өсімдік болып келеді. Ешкілер жаңа туған лақтарын осы шөптің астына жасырып кетеді. Лақтардың барлығы аяқтанып, өз-өздеріне келгенде түйетабан шөптері бірі қалмай сарғайып қурап, желмен ұшып кетеді.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 39.jpg

    Табиғаттың тағы бір тамашасы – киіктер төлдейтін уақытта оны қорек ететін түз тағыларының тістері босап, сілекейлері қайтып, тәбеті болмайды. Қасқырлардың жағы қарысып қалады. Ал, қарақұстар жұмыртқа басады. Бұл да ақбөкеннің қасиетті жануар екендігінің тағы бір дәлелі.

    – Киік – өте таза жануар, – дейді жолбасшымыз Айбол Айдарбеков, – Бірінші тазалығы – ақбөкеннің денесінде кене, бүрге секілді жәндіктер болмайды. Сосын өздері де кене бар жерге ешқашан тұрақтамайды, төлдемейді. Екінші тазалығы – өзінің туған баласымен ешқашан күйікке түспейді.

    Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Киіктердің бір көзі жерде, бір көзі лағында болады. Егер жыртқыштар мен браконьерлер пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады.

    – Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді. Екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді, – дейді А. Базарбайұлы.

    Оның айтуынша, киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.

    Жаңа туған лақтар екі күнге дейін өте әлсіз болады екен. Аяқтарын да жөнді баса алмайтын көрінеді.

    – Осыған орай, оларды енелері жақын маңдағы жаңбырдан жиналған суларға, балшыққа ертіп апарып, лақтарының табанын күйдіреді, – дейді инспектор, – Яғни, лақтардың табандары қатайып, жүріске бейімделу үшін олардың аяқтарын тұзы бар сулар мен батпаққа бастырып, қатайтады. Тұзды суға жиі шомылдырады. Бұл процесс екі күнге дейін жалғасады. Осылайша, лақтардың аяғы жүріске жараған соң, еркектерін текелері ертіп кетеді де, ұрғашы лақтарды ешкілер алып қалады.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 21.jpg
    Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжабек Холов

    – Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Сосын тұрған орнынан аспанға қарғып секіреді де, жан-жағына шолу жасайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады. Суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды. Сондай-ақ, Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді, – деп қосты Олжабек Амантайұлы.

    Иә, шыныменде, халқымыз «сахараның бота көзіне» балап, адамның баласынан кем көрмеген ақбөкен туралы білетінімізден білмейтініміз көп-ақ екен…

    «Инспекторлар кез келген жерге түнейді»

    Киіктер туралы қызықты әңгімелерге елітіп отырып, қалайша елсіз жазық далаға енгенімізді байқамай қалыппыз. Алдымыздан көк бояуға малынған даланың әдемі суреттері шыға кел­месі бар ма? Әттең, көзің тоймайды ғой!

    Кең даладағы сансыз құстардың дауысынан құлақ тұнады. Жасыл шөптер мен жайқала өскен түрлі өсімдіктер құдды алдыңнан кілем жайып тастағандай әсер қалдырады.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 42.jpg

    – Әне, бүркіт ұшты! – дейміз сұқ саусағымызбен нұсқап.

    – Жоқ, ол қырғи, – дейді жолбасшыларымыз.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1.jpg

    Алдымыздан оңды-солды жортқан түлкілер мен шибөрілер де, тыраулап ұшқан тырналар мен бұлдырықтар да бірінен-соң бірі кездесіп жатыр. Кейбір құстардың атын алғашқы рет естіп тұрғандықтан, сапарластарымыздан қайта-қайта сұраймыз. Әріптесіміз Нұрболат Нұржаубайұлы барлық көріністі қалт жібермей таспаға басып үлгеріп келеді.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 43.jpg

    Айбол Базарбайұлының айтуынша, далада ең көп кездесетін құстардың бірі – қарақұстар. Олардың ұясы да үлкен болып келеді екен. Өздері түрлі құстарды, тіпті, түлкі, борсықтарды қорек қылады. Біз іздеп келе жатқан киіктің лақтарын қиналмай көтеріп алып кететін көрінеді.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 9.jpg
    Қарақұстың ұясы

    Осыны айтқан жолбасшымыз қарақұстың жолда кездескен ұясының жанына тоқтады. Біздің көзіміз торғай, қарғалардың ұясын көріп үйренгендіктен бе, мынандай алып ұяға жатырқай қарайды. Осындай алып ұяны қайыспай көтеріп тұрған сексеуілдің де мықтылығына таңғаласыз!

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 2.jpg
    Қарақұстың балапаны

    Қарақұстың ұясынан бөлек, балапандары да үлкен болады екен. Балапан болса да, жағымсыз дауыс шығарып, бізге қарай айбат шегеді. Ұядан өздері қорек қылған түрлі аң-құстардың жүнін көруге болады. Арасында киіктің лағының да түбіттері жатыр.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 11.jpg

    Алғашқы күні көзімізге киік ілінбеді. Жолбасшымыз Айбол Айдарбеков ақбөкендер жүретін бірнеше жер мен өзіне белгілі координаттарды шолып шықты. Есесіне, браконьерлердің іздері сайрап жатыр. Олардың іздерін көргенде кейіпкеріміздің қабағы түйіліп, көңіл-күйі бұзылып шыға келеді.

    – Ең болмаса, төлдеп жатқан кездерінде тыныштық берсе болады ғой! – деп күбірлейді ол ызалы дауыспен.

    Осылай жүріп, «Командир төбеде» жолбасшыларымыздың әріптестеріне, яғни, ақбөкендерді қаскөйлерден қорғап жүрген инпсекторларға жолықтық. Бұл сәтте қас қарайып қалған болатын. Сапарластарымыз ақылдаса келе, «Командирдің екі айрығына» тоқтап, қонып шығуды жөн деп шешті.

    Аталған жерге келіп, көліктерден заттарымызды түсірдік. Инспекторлардың бір тобы жерден ошақ қазып, кешкі астың қамына кірісті. Палаткалар құрылып, төсек салынды.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 13.jpg

    Шіркін, далада, оның үстіне, отта піскен тамақтың дәмі қашан да бөлек қой! Ауызымызды ашып, жүрек жалғадық. Араларында қасиетті айда ауыз бекіткен инспекторлар да бар екен.

    Күн батып, даланы қараңғылық жайласа да, ұйқымыз келмейді. Жер ошақта алаулап жанып жатқан отқа қарап, отыра беруге бармын.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 18.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 17.jpg

    Бірақ, бүгінгі көрген-білгендерін ортаға салып, ертеңгі жоспарларын пысықтағауға кіріскен инспекторларға кедергі келтіруге әсте болмайды.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 19.jpg

    «Браконьерлерден айла артылмайды, оларда аяушылық сезімі болмайды»

    Ертеңіне таң қылаң берісімен қайтадан жолға шықтық. Көп ұзамай тағы да бөтен көліктердің ізіне тап болдық.

    – Браконьерлерден айла артылмайды, – дейді инспектор Айбол Айдарбеков, – Олардың қулығына құрық бойламайды. Кейде инспекторларды адастырып кетуі үшін әдейі із салып кетеді. Оларда аяушылық сезім, жанашырлық деген мүлдем болмайды. Браконьерлердің мақсаты біреу ғана – киікті ату. Олар соны кәсіп қылған. Оны өздерінің күнделікті жұмысы, табыс көзі деп біледі.

    Бұрын ауылдағы қариялардан «браконьердің де браконьері болады, кейбіреулері олар төлдеп, лақтары аяққа тұрып, жүріп кеткенше атуға шықпайды» дегенді еститінбіз. «Қазір ондай адамдар жоқ», дейді инспектор.

    – Олар үшін ақбөкендер – тұрысымен қып-қызыл ақша. Соңғы жылдары төлдеу маусымы, лақтары әлі аяқтанбағанына қарамай қырып кетіп жатыр. Еті мен мүйізін сатуды әдетке айналдырған. Бала-шағасын, отбасын сонымен асырайды. Мүйізін Қытайға сатады. Ол жақта одан өте қымбат дәрі жасалады. Сосын пантокрин дәрісін жасауға қолданады. Ал, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Мәселен, 2-3 жыл бұрын киіктің 1 келі мүйізі 30-40 мың теңге болса, қазір 60-70 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін жетеді. Екі текенің мүйіздері 1 келіні құрайды. Ал, олар бір шықса, 1-2 келі мүйізбен қайтпайтыны анық, – дейді ол.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 29.jpg

    Киік атуға шыққан қаскөйлердің бар ойы – инспекторларға қалай да ұсталмауы керек екен. Сол үшін барын, жанын салатын көрінеді. Тіпті, қару кезенуге дейін барады. Былтыр Қарағанды мен Қызылордада солардың қолынан қаза тапқан атпалдай азаматтардың оқиғасы әлі күнге дейін есімізде.

    – Браконьерлер жалғыз көлікпен жүрмейді. Кем дегенде 3 көлік болып жүреді. Көліктерін алдын ала дайындайды. Кейбір бөлшектерін ауыстырып, біздің көліктер қуып жете алмайтындай етіп жарақтандырады. Сосын үшеуі үш жаққа қашады. Біреуіне қуып жетсең, онда қару, киіктің денесі секілді айғақ заттар болмай шығады. Біз олар мінген үш көліктің қайсысында зат барын білмейміз. Соның кесірінен кейде олар бой тасалап үлгереді. Олардың біреуі міндетті түрде сенің қуып жетуіңе ыңғай жасайды. Көбінесе киік атуға бес атар мылтықты пайдаланады, – дейді кейіпкеріміз.

    Инспектордың айтуынша, браконьерлер жаңбырлы ауа райын күтіп отырады. Жаңбыр жауса, олардың айы оңынан туады. Себебі, батпақты, балшықты жерлерден олардың көлігі кедергісіз өтеді.

    Сондай-ақ, көліктерінің артына 5 литрлік ыдыстарға құйылған жанар-жағар майларды қалап, жинап шығатын көрінеді. Ал, босаған ыдыстарды лақтырып тастайды. Оның орнына атылған киіктерді жинайды.

    – Олар киіктерді атқанмен бірден алмайды. Бауыздайды да, ішек-қарнын алып тастап, сол жерге тастап кетеді. Ақбөкеннің денесі сол жерде жатып мұздайды. Сол кезде көлікке кірпіш секілді қалап жинауға оңай болады. Біз мұны талай браконьерді ұстағанда анықтадық. Қаскөйлер киік табылғанша далада жүре береді. Кейде апталап, тіпті, айлап дала кезеді. Көздеріне киік іліксе болды, аямайды. Тіпті, оларды қуып жүріп, шөптердің арасында жатқан лақтарды басып, жаншып кете берген кездері болған. Буаз ешкілерді қуып жүріп атып, олардың іш тастауына дейін жеткізген, – дейді инспектор Айдарбеков.

    Ақбөкендер Қызылорда облысының аумағын тек төлдеу маусымы кезінде мекендейді. Сосын топталып Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының территориясына өтіп кетеді. Қыста жайылым үшін кері келеді.

    Браконьерлердің тағы бір жауыздығы – ақбөкендер басқа облыстарға бет бұрып, атарға киік таппай қалған кезде өздерінің шығындарын жабу үшін даладағы малшылардың жылқыларын атып, пайда қылады екен. Қарағанды облысында қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірген қаскөйлердің өмір бойына бас бостандығынан айрылуына осындай жағдайлар да себеп болған көрінеді.

    – Олардың барлық жерде адамы болады, – дейді үзеңгілестеріміз, – Браконьерлердің бәрі бір-бірімен тығыз байланыста. Бір үйдің баласы секілді. Инспекторлардың көлігін көрсе болды, бет алған бағыттарын айтып, бір-бірлеріне хабарлап отырады. Соңғы кездері Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында ұсталып жатқан браконьерлердің барлығы – Қызылорда облысының тұрғындары. Өте өкінішті және қынжылтатын жағдай.

    Ал, өзге облыстарда тайраңдап жүрген қаскөйлер өзіміздің өңірде, тіпті, көп екендігі жасырын емес.

    – Ағымдағы жылдың қаңтар, наурыз айларында біздің облысымызда ақбөкен аңына қатысты 3 браконьерлік дерек анықталып, 2 іс бойынша полиция органдарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бір іс бойынша сот процесі өтіп жатыр. Оның ішінде, үстіміздегі жылдың 11 сәуір күні «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК жедел тобының инспекторларымен табиғат қорғау жұмыстарын жүргізу барысында 54 бас киіктің өлі денелері және 224 дана киік мүйіздері салынған «Тойота Ланд Крузер» автокөлігі анықталып, Қылмыстық кодекстің 339-бабының 3-бөлігінің 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал, былтырғы жылы тіркелген 9 дерек бойынша сот үкімдерімен кінәлі деп танылған 16 азаматқа бас бостандықтарын шектеу жазалары қолданылды. Мемлекетке келтірілген 95 млн теңгеден аса шығынды мемлекет пайдасына өндіруге үкім етілді. Сондай-ақ, сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық құралы болып табылған 2 дана «Тойота Ланд Крузер», 1 дана «Митсубиси Паджеро», 1 дана УАЗ автокөліктері, 2 дана мотокөлік құралдары және 7 дана аңшы қаруы мемлекет пайдасына тәркіленді, – дейді Олжабек Амантайұлы.

    Оның айтуынша, елімізде 3 қорықшының өлімінен кейін қолданыстағы заң қайта қаралып, біршама қатаңдатылған. Ақбөкен атқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік – қылмыстық жауапкершілікке өзгеріпті. Бас бостандығынан шектеу – бас бостандығынан айыруға ауыстырылыпты.

    – 2019 жылдың желтоқсан айында қолданыстағы заң талаптарына өзгерістер енгізіліп, заңсыз аңшылықпен немесе тасымалдаумен, сақтау, сату, сатып алумен айналысқан тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 337 және 339 баптарында жазалау санкциялары қатаңдатылды, – дейді ол, – Яғни, аңшылықпен айналысу құқығынан 2-5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі және қылмыс жасау құралдары автокөлік, қаруы, басқа да заңсыз аңшылыққа пайдаланылған құралдар тәркіленіп, 1,5 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге, ал, аса ірі залал келтіргені үшін, қызмет бабын пайдаланғаны үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Енді мемлекетке келтірілген залалды есептеу ережесі де күшейтілген тәртіпте өндірілетін болады. Мысалы, 1 бас ақбөкен аңының серкесі үшін 500 АЕК, яғни, бір бас ақбөкеннің жалпы шығыны 6 млн 250 мың 500 теңгені, аналығы мен төліне 350 АЕК немесе 4 млн 375 мың 350 теңгені құрайды.

    Қалай десек те, киік атқан қаскөйлер күн сайын көбеймесе, азайып отырған жоқ. Иә, бөкенді атып мерген өлтіргенде, жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?!.

    «Елеңдеп жас балаша жалтақтайды»

    – Мынау «біртүрлі» ұшып бара жатқан құс «безгелдек» деп аталады, – деді инспектор Айбол Базарбайұлы көлігін кілт тежеп, – Безгелдек бар жерде, міндетті түрде киік болады. Осы құстың не қасиеті бар екенін білмеймін, безгелдек көрсең, ең құрығанда 2-3 бас киік кездеседі.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 37.jpg
    Безгелдік құсының балапаны

    Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, алдымыздан киік көрінді.

    – Әне киік!

    Фотоаппаратымызды даланың еркесіне бағыттап, түсіруді бас­тап та кеттік. Жақын жерде жүргенімен, көлі­­­­гіміз жақындаған сайын жет­кізер емес.Тек арнайы алыс­­ты жақындататын фотоаппа­рат объек­тиві арқылы сұлу мүсінін түсіріп үлгердік.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 38.jpg

    Тағы біраз жүргеннен кейін екінші киік көзге ілінді. Жылдамдықты арттырып, жанына жақын қалғанда оның буаз екендігі байқалды.

    – Әрі қарай қууға болмайды. Өзіне де, лағына да обал болады, – деген жолбасшымыз көлігін басқа жаққа бұрды.

    Сосын өзі ғана білетін, осы уақытқа дейін киік көріп жүрген координатқа қарай бет алды. Арада біраз уақыт өткенде алдымыздан топталып жүрген ақбөкеннің сансыз текелері кезікті. Көлікті байқаған секемшіл жануарлар 2-3 топқа бөлініп, қара жердің шаңын бұрқырата қаша жөнелді. Қашқандары да қызық. Жүгіріп бара жатып, қас пен көздің арасында бағыттарын әлденеше рет өзгертіп үлгереді.

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - kiik-aq-boeken-tekeleri-scaled.jpg

    Ақбөкендерге тамсана қарап, суретке түсіріп алған соң одан әрі жылжыдық. Біраз уақыттан кейін лақтарын еріткен киіктер көрінді.

    Межелі же­рі­­­­мізге жет­ке­­­­німізде көк шөп­тің үстінде жат­қан, қап-қара көздері мөлдіреп, әдемі екі танауы желбіреген, жас балаша елеңдеп, жалтаңдай қараған, жел түрткен жусаннан да селдіреген, әлсіз талпынған қос лақ­ты көрдік. Құралайдың көзіне қара­саң, адам баласын баурап алар сұлулық байқалатындай…

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - aqboeken-nursultan-myqtybaj-04.jpg

    Өз басым құ­­ралайды бірінші рет көруім. Мұн­дай сәт бола бермейді ғой. Ал кеп суретке түстік. Осы кезде көз алдыма қаскөйлердің қолынан қаза тапқан қарағандылық инспек­тор Ерлан Нұрғалиевтің құралайды көкке көтере ұстаған бейнесі келді. Сосын есіме өзіміздің жерлесіміз, марқұм Әділ Кенжеғұлов түсті. Амал қанша, осы бір дархан да­ланың еркесін қорғаймын деп жүріп атпалдай азаматтардың өмірі қиылды ғой. Иә, осындай азаматтардың ақбөкендерді қорғаудағы еңбегі өлшеусіз-ақ!

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - aqboeken-nursultan-myqtybaj-05.jpeg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - kiik-balasymen02.jpg

    «Бүгінгі күннің батырлары»

    Біз осы сапарымызда инспектор болу оңай еместігіне көз жеткіздік. Әңгіменің ашығы – осы. Олармен жүрген үш күніміз 3 жылға татыды.

    Ал, олар осылай дала кезіп 15 күн бойы жүреді! Отбасы, бала-шағасынан жырақта. Оның үстіне, елсіз далада дайын тұрған баспаналары да жоқ. Олар қас қарайған сәтте кез келген жерге түней салады. Жасыратыны жоқ, талай рет жаңбыр мен қардың астында қалған. Көліктері бұзылған кезде, азық-түліктері таусылып, 2-3 күн бойы аш жүрген.

    Былтырғы жылдың желтоқсан айында далада көліктері бұзылған қызылордалық екі инспектор далада үсіп өлген. Кейіпкеріміз Айбол Айдарбековтің өзі де көлігі бұзылғанда, бірнеше рет 200 шақырымды жаяу жүріп келген. Бұл – ерлік емей немене?!

    – 2019 жыл – біздің инспекторлар үшін өте қиын жыл болды. Бір ғана Қызылордада үш бірдей әріптесімізден, арыстай азаматтардан қапыда айрылып қалдық. Шынын айтқанда, жағдайымыз енді-енді жақсарып келе жатыр. Инспекторлар өздерінің қазасымен біздің жағдайымыздың түзелуіне қол жеткізіп кетті, – деп мұңаяды кейіпкеріміз.

    Инспекторлардың бүгінгі таңдағы басты мәселесі – жалақының аздығы. Бұл – жасырып-жабатын, бүркемелеуге келмейтін ақиқат.

    – Осы уақытқа дейін жағдай дұрыс болмағанын жасыра алмаймыз, – дейді ол, – Инспекторлардың қазасынан кейін бізге көңіл бөліне бастады. Қызметтік қару мен көлік, бронежилет берілді. Бұрын автокөлікке қосымша бөлшектерін өз қалтамыздан сатып алатын едік, қазір оған арнайы қаржы бөлініп жатыр. Бірақ, қандай жағдай болмасын, қызметтік борышымызды алдыңғы орынға қоямыз.

    «Охотзоопром» қызметкерлерімен дала кезген үш күнде байқағанымыз – инспектор болу кез келген адамның қолынан келмейді. Инспектор болу үшін, ең алдымен, сабыр мен төзім, шыдамдылық қажет. Сосын жан-жақты, әмбебап болмасаң, далада өмір сүре алмайсың.

    – Біздің инспекторлар жан-жақты, әмбебап, ержүрек жігіттер. Олар бір мезгілде көлік жөндейтін механик те бола алады. Артынша аспазшыға айналып шыға келеді. Әр жердің табиғаты бөлек. Сондықтан, бұл қызмет төзімділікті талап етеді. Инспектор болатын адам жолды жатқа білуі, адасып кеткенде жер танып, бағытты анықтай алуы қажет. Әр 15 күн сайын бір топтан шығып отырамыз. Бір топта 6-7 инспектордан тұрады. Топтың басшысы, яғни, аға инспектор болады. Ол кез келген қиын жағдайда инспекторлардың өмір қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып әрекет етуі керек. Тағы бір айта кететін нәрсе – біз браконьерді ұстадық, сонымен болды, жұмыс бітті емес. Оларға қылмыстық іс қозғалып, міндетті түрде сотта дәлелденуі қажет, – дейді А. Айдарбеков.

    Осыдан-ақ, киелі киіктерді күндіз-түні кірпік ілмей қорғап жүрген инспекторлар – бүгінгі күннің батырлары екеніне тағы бір мәрте көзіңіз жете түседі…

    P.S: Бота көз сахарада қына терген,

    Кім екен жапан түзде сені көрген?

    Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,

    Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..

    Сәкен ақынның осы бір жыр шумақтарына біздің алып қосарымыз жоқ. Тек бір ғана тілегіміз бар: бүгінгі күннің батырлары – инспекторлар аман болып, дархан даланың еркесі – ақбөкендердің қаны төгілмесе екен!

    Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ,

    журналист.

    Суреттерді түсірген

    Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

    ЕСКЕРТУ: Эксклюзивті мақала мен фотоларды көшіріп басуға болмайды!

    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - aqboeken-nursultan-myqtybaj-06.jpeg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - whatsapp-image-2020-05-16-at-15.39.27.jpeg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - kiik-aq-boeken-1.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - img_9203-01.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 59777420_608534299556462_5510227540783923200_o.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 59833992_608536896222869_8303932479241191424_o.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 3.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 6.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 5.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 24.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 23.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 25.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 28.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 46.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 20.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 33.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 30.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 35.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 36.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 32.jpg
    Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 31.jpg

    қатысты посттар

    Қазақстанда демалыс күндері (20-21 маусым аралығында) шектеу шаралары күшейтіледі

    Фариза

    Бердібек Сапарбаев үздік жастарға «Әулиеата үміті» сыйлығын табыстады

    Фариза

    Той жасауға рұқсат беріле ме?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.