-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар Коронавирус

    Мемлекет басшысы үкіметке бір ай уақыт берді

    Фото: Тұрар ҚазанғаповФото: Тұрар Қазанғапов

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстанда коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел жоспар құруға және вакцина алған адамдар санын көбейтуге бір ай уақыт берді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бүгін көтерілген барлық мәселе үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде баяндама жасауды сұраймын», — деді Тоқаев.

    Тоқаев премьер-министр, ведомство басшылары, қала мен облыс әкімдері қатысқан жұмыс кеңесінде коронавируспен күрес, антиваксерлер проблемасы, өңірлік ауруханалардың төмен деңгейде жарақтануы, карантин режимін бұзатын адамдардың жазасыз қалуы, сондай-ақ, вакцинация паспорттарын қолдан жасау және ПТР-талдаулар мәселесін көтерді.

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы эпидахуал нашарлап бара жатқанын айтты.

    Сонымен қатар, Президент Қазақстанның кейбір аймағында коронавирусқа қарсы вакцина дұрыс сақталмағанын, салдарынан препарат тиімділігі төмендегенін атап өтті.

    Ол вакцинамен аз қамтылған өңірлерге көмек көрсету үшін көшпелі бригадалар құруды тапсырды.

    Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жақындарының амандығын ойлауға шақырды.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Қызылордада «Серіктестер іздейміз» жобасы басталды

    Фариза

    Елжан Біртанов қызметінен кетті

    Фариза

    Қазалы ауданында күніне 12 мың кірпіш шығаратын цех жұмыс істеп тұр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.