6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жалағашта күріш ақтау цехының құрылысы басталды

    Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында күріш ақтау және құрама жем өндіру
    цехының құрылыс жұмыстары басталды.

    «Бірлік Агро» шаруа қожалығының төрағасы, кәсіпкер Мұрат Елеусінов кәсібін
    ұлғайту, өндіріс аясын кеңейту мақсатында өз қаражаты есебінен цех құрылысын қолға
    алды. Цехтың жалпы құны 30 млн теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде
    ауылдық округ аумағынан цехқа көлемі 3 гектар жер табысталды.

    Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Цех
    іске қосылғаннан кейін тәулігіне 10 тонна күріш салысын ақтайды. Сонымен қатар жоба
    толығымен жүзеге асқаннан кейін ауыл азаматтары тұрақты жұмыспен қамтамасыз
    етіледі.

    қатысты посттар

    900 мыңға жуық адамға 42 500 теңге көлемінде төлем тағайындалды

    Фариза

    “Біз үнсіз қалмауымыз керек” – Министр Ермекбаев жемқорлыққа байланысты мәлімдеме жасады

    Елімізде 5 қаңтардан бастап «омикрон» штаммға байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.