-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Грузияда қазақ қызын зорлады деген күдікке ілінген ер азамат түрмеде қайтыс болды

    Қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлап, өзін өзі өлтіруге итермеледі деген күдікке ілінген Грузия азаматы Бесик Тордуа қайтыс болды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

    Еске салайық, Әсел Айтпаеваның өлімі туралы ақпарат биыл мамыр айының басында жарияланған болатын. Алдымен оның суицид жасағаны айтылса, артынша қызды өлімге итермелегені туралы хабарланды.

    Сәуір айының басында Әсел Грузияға жұмыс істеуге барған. Туыстары оған автосалоннан жұмыс тауып береміз деп шақырған көрінеді. Алайда, көп ұзамай бойжеткен тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды. Өлер алдында ол құрбысымен телефон арқылы сөйлескен екен. Сонда тұтқаның арғы жағында ер адамның дөрекі сөйлеген дауысы естілген.

    Тексеру барысында белгілі болғандай, Әсел Грузияда 57 жастағы Бесик Тордуа есімді азаматтың үйінде тұрақтаған. Полиция оны күдікті ретінде ұстап, тергеу аяқталғанша қамауға алған болатын. Марқұмның туысы Мұрат Мейірбеков те күдікті ретінде ұсталды. Ол жас қызды Қазақстаннан Грузияға жіберген. Енді оған адам саудасына қатысты айып тағылып отыр.

    15 шілдеде грузиялық басылымдар Бесик Тордуаның қайтыс болғанын жазды. «Пирвели» телеарнасының хабарлауынша, күдікті түрмеде мерт болса, «Мтавари Архи» телеарнасының тілшілері оның клиникада көз жұмғанын айтып отыр. Ал, күдіктінің адвокаты Тордуаның басында жарақаты болғанын мәлімдеді.

    қатысты посттар

    «Қайыр сұрап жүрген балаларға садақа бермеңіздер…» — Аружан Саин

    «Ренжіме жігітім, маған қыздар ұнайды!» Нұр-Сұлтанда қыздар жалаңаштана шешініп жарысты

    Маңғыстауда емшіге жүгінген 8 жастағы бала бір қолынан айырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.