13 C
Алматы
Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға жүктілікті жоспарламауы тиіс. Бұл туралы елордалық гинеколог дәрігер Дина Нұрланқызы Жетінші арнадағы «Оян, Қазақстан» бағдарламасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Екпе алғаннан кейін 3 ай бойы сақтану керек. Тек содан соң ғана толық тексерістен өтіп, жүктілікті жоспарлауға рұқсат беріледі. Бізде қазір «Спутник V» және «QazVac» вакциналары бар. Аталған вакциналарды салдырған әйелдерде үш айдан кейін денсаулықтарында ешқандай кінәрат болмаса, жүктілікті жоспарлауға болады. Ал Hayat-Vax вакцинасын алғандар үшін екі жылға дейін бала көтеруге болмайды. Бұл — вакцина өндірушілердің ұсынымдары. Ал егер де әйел жүкті болып қалған болса, онда үнемі бақылауда болуы керек», — деді маман.

    Сондай-ақ, дәрігер инфекцияның жатырдағы балаға еш қауіптілігі жоқ екенін ескертті. Өйткені вирус плацентадан өтпейді екен. Бірақ оның ана денсаулығына зақым келтіру мүмкіндігі басым.

    Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында Hayat-Vax вакцинасының 2-ші компонентін алғандар 2 айдан кейін жүктілікті жоспарлауына болатыны жазылған.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    900 мыңға жуық адамға 42 500 теңге көлемінде төлем тағайындалды

    Фариза

    «Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

    Фариза

    Алматы облысында имам үш баласы бар әйелді зорлап, өлімге себепші болды (видео)

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.