6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда

    2020 жылғы 07қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлерімен өткен кезектен тыс жиналыс өтті.

             Жиналысты өз сөзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2020 жылғы 2 ақпандағы бұйрығымен бекітілген 2020жылға арналған мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру бойынша кешенді жоспардың 2.1 пунктін орындау мақсатында өткізілгенін атап өткен Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі  Алимкулов Бекжан Мухидинулы ашты.

             Мемлекеттік қызметкерлер шешім қабылдау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуі, әділ және қарапайым болуы керектігін атап өтті.

             Жиналыс қорытындысына сәйкес келесі шешімдер қабылданды:

             1. Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері этикалық нормаларды сақтау жөніндегі  нұсқаулықты өзімен бірге ұстау қажет.

             Pocketbook (этикалық кодекс қойын кітапшасы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп жасалған. Ол этикалық мазмұндағы сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызметшілерге бастамаға арналған көмекші ретінде қызмет етеді. Мүдделер қақтығысына байланысты жұмыстан тыс уақытта, қызметтік байланыста, әлеуметтік желілерде, БАҚ-да шыққанда өзіңді дұрыс ұстауға, және де басқа да түрлі жағдайлардағы мемлекеттік қызметкердің мінез-құлқына байланысты сұрақтар қамтылған.

             2. Департаменттің барлық қызметкерлері қоғамда пара беруге өтініш білдіру немесе пара алуға келісу сияқты әрекеттер көрсетпеуі қажет.

             3. Департаменттің барлық мемлекеттік қызметкерлері мен  штаттан тыс жұмыскерлері (басшысының хатшысы, Департамент жүргізушісі, заңды мәселелер бойынша әдіскер) қоғамға қарсы мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда ішімдікке мас болу жағдайларын болдырмауы қажет.

             Осы бағытта іс-шараға қатысушыларға қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді. Қызметтік әдепті сақтау арқылы тұрақты кадрлық саясат құрып, қызметкерлердің қабілеттілік деңгейін көтеруге мүмкіндік зор.

    Бас маман                                                                                              Мүсіреп Т.

    қатысты посттар

    Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі

    Фариза

    “Ағатай, мені неге тірідей көмдіңіздер?” – балабақшадағы қайғылы оқиға

    Алматыда блок бекеттер әлі алынбады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.