-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қайғылы оқиға: «86 адам қаза тапты». АҚШ жұртын дүрліктірген оқиға

    25 маусымда Майамидегі Серфсайд қалашығында көпқабатты үй жартылай қирады. Local 10 телеарнасының мәліметінше, жүзге жуық адамның тағдыры әлі белгісіз. Ал қайғылы жағдай салдарынан 86 адам қаза тапты. Әлі күнге дейін ғимараттың қирауына не себеп болғаны да белгісіз деп хабарлайды Qazweek.ka ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ғимаратта орналасқан 136 пәтердің жартысы қираған. Жалпы тұрғын үй 1981 жыл салынған. Алғашқыда 12 қабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Алайда құрылыс салушы тұрғын үйге пентхаус қосуды шешіп, ғимараттың биіктігіне тағы үш метр қосылған. Осылайша, сол кездегі биіктік нормасы бұзылған. Ғимараттың жалпы биіктігі 48,1 метр болған. Тұрғын үй сәулетшісі — Уильям Фридман. 

    Фото: Reuters

    Ғимарат жергілікті уақыт бойынша шамамен 01:30-да қираған. Алдымен тұрғын үйдің бір бөлігі, шамамен тоғыз минуттан кейін екінші бөлігі қираған. Артынша оқиға орнында өрт шыға бастаған.

    Төтенше жағдай орнында 80 құтқарушы бригадасы келді. Аймақ директоры Фредди Рамирес полиция апат болған күні 53 тұрғынмен байланысқанын, алайда әлі 99 адам табылмай жатқанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, қала мэрі тергеуге инженер-конструкторлар тартылғанын айтты.

    Ал соңғы мәліметтер бойынша, қалашықтағы апаттық жағдайдан 86 адам қайтыс болған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында тек америкалықтар емес, шетелдіктер де болған. Сонымен қатар, қаза тапқандардың арасында Парагвай президенті әйелінің сіңлісі де болған. 

    Із-түссіз жоғалғандарды іздестіруге Мексика мен Израильдің құтқарушылары да көмектесті. Жалпы 800-ге жуық құтқарушы жұмылдырылған. 7 шілдедегі жағдай бойынша, үйіндінің астынан табылғандар саны 54-ке жетті. Алайда РИА Новости мәліметінше, екі аптадан кейін іздеу жұмыстары тоқтатылған. Себебі, құтқарушылардың сөзінше, үйіндінің астынан адамдардың тірі табылуы екіталай болған.

    DW мәліметінше, жергілікті билік 40 жыл бұрын салынған көпқабатты ғимараттың қирауының себебін әлі анықтай алмаған. 2018 жылы инспекция ғимаратта құрылымдық ақаулар барын анықтаған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, тұрғын үйдің опырылып түсуіне сол ақауларды ескермеу себеп болуы мүмкін. Бүгінде тергеу бригадасы қайғылы жағдайдың себебін анықтап жатыр.

    Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз болғанымен бұл жайттан кейін қалашықта 40 жыл бұрын салынған үйлердің бәрі күмән туғызған. Сондықтан инженерлер басқа да ондаған үйді тексеруді бастап кетті.

    Фото: ochevidets.ru

    қатысты посттар

    Сырдария ауданындағы «Жылыжай» жобасын инвесторлар жүзеге асырмақ

    Фариза

    Жауынгерлік дайындық қалыпты форматта қайта басталады

    «Мені митингіге жібермес үшін ұстады». Алматыда Бапи соты өтпеді, әкімшілік іс тоқтатылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.