20 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Таразда қаңғыбас ер адам көпқабатты үйдің ауласында жатқан итті бірнеше күн бойы зорлаған

    Таразда көпқабатты үйдің ауласындағы итті қаңғыбас ер адам зорлаған. Ал зоофилдің үстінен жазылған арызды учаскелік полицей қарамай қойған. Ол аздай құқық қорғау қызметкері зоофилді жазалаудан бұрын, иттен құтылу үшін ит атқыштарды шақыратынын мәлім еткен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

    «Біздің көпқабатты үйдің біріне сүйкімді ит келіп жүрді, оған көлікжайдың артынан орын әзірлеп бердік. Екі апта бұрын иттің қатты қыңсылап жатқан даусын естіп үйшігіне қарай барсақ, бір қаңғыбас ер адам итті зорлап жатыр. Біз оны қуып жіберуге тырыстық, бірақ ол әр түн сайын қайта келеді. Таңертең иттің жағдайы адам шошырлық күйде болады. Учаскелік полицейді шақырғанымызбен, ол келмейді. Оның үстіне, полицейдің өзі ит атқыштарды шақыратынын айтып бізді қорқытты», – деп жазған итке жаны ашыған қала тұрғыны. 

    Аталған жазбаны оқыған үйсіз-күйсіз жануарларды қорғайтын «Ақтөс» қорының қызметкерлері бірден оқиға орнына барған. 

    «Ауыр және қорқынышты жағдай. Зардап шеккен ұрғашы иттің есімі – Найда. Оның көлемі пекинес иттей ғана. Осындай кішкентай ғана итке зорлық көрсеткені миға сыймайды. Адамдар осындай деңгейге түсіп кеткен! Бүгін ол – зоофил, ертең педофил! Ал полицияның әдеттегідей бұдан маңызды шаруасы бар», – деді «Ақтөс» қорының президенті Ирина Келлер. 

    Иринаның сөзінше, олар әлі күнге дейін «Шөлдала» массивіндегі Даша есімді итті ұрып-соғу фактісіне қатысты ешқандай жауап алмаған. 

    Найданың зорлану фактісіне қатысты істің қалай жүріп жатқанын білу үшін Azattyq Rýhy тілшісі  Тараз қаласының Ішік істер департаментіне хабарласты. Бірақ ондағылар аталған мәселеге қатысты ешқандай пікір бере алмаймыз деді.

    қатысты посттар

    Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі

    Фариза

    Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

    Фариза

    Шымкенттік журналистер Мақтаарал халқына қолдау көрсетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.