Среда, 4 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Удай мас ер адам 1,5 жасар немересін пешке салып, өртеп жіберген

    Ресейдің Қорған облысы, Бутырское ауылында удай мас егде ер адам немересін жанып жатқан пешке салған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Жаға ұстатар қайғылы оқиға 10 қаңтарда орын алған, оған қатысты сот үкімі енді шықты.

    Kurgan.ru сайтының хабарлауынша, ер адам бір жарым жастағы немересіне қарап, үйінде қалған.

    Атасы немересін әткеншекке отырғызып қояды, бала одан құлап, есінен танып қалады. Бұл әрекетін жасырғысы келген ер адам баланы жанып жатқан пешке салып, аузын тарс жауып тастаған, — делінген хабарламада.

    Нәресте қайтыс болды.

    Сот шешімі бойынша, қария енді 19 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізетін болды.

    қатысты посттар

    Ұлттық банк 1 маусымнан бастап қолма-қол ақша алуға шектеу қойды

    Фариза

    «Балалар мені «тесіліп қалғансың» деп мазақтайды…» — 14 жастағы баланы жоғарғы сынып оқушылары ұзақ уақыт бойы зорлаған

    Жыл соңына дейін Шымкентте 9 мектеп пайдалануға беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.