19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ТАРАЗДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ФОРУМЫ ӨТУДЕ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік – Қазақстанда ғана емес, әлемдік экономикалық жүйеде де жаңа құбылыс. Әлеуметтік кәсіпкерліктің мақсаты әлеуметтік миссия.

    Бүгінгі таңда елімізде осы салаға бет бұрып, табыс табумен қатар түрлі жобаларды жүзеге асырушылар, өзгелерді жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер қатары артуда.
    Бұл сала Жамбыл облысында да қарқын алып келеді. Әлеуметтік жобаларды сәтті жүзеге асырып жүргендердің қатарында Р.Төлегенов, А.Зауырбекова, А.Разақова, А.Бексұлтанова, Д.Махмадулаева бар.

    Аталған саланы өңірде одан әрі жетілдіру мен дамыту, шет елдік кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу мақсатында ТАРАЗДА АЛҒАШ РЕТ «Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

    Мақсат – халықты әлеуметтік кәсіпкерлік туралы хабардар ету, мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін талқылау және әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу.

    Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице – министрі Ерлан Аукенов, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, бизнес құрылымдардың өкілдері, әлеуметтік кәсіпкерлер, журналистер, еріктілер қатысты. Сондай-ақ, онлайн байланыс арқылы «Еуропалық қайта құру және даму» банкінің қаржыландыру тобының жобалары бойынша маманы – Марат Нарқұлов, РФ әлеуметтік саласындағы жетекші сарапшы – Сергей Голубев, Израильдің үздік әлеуметтік кәсіпкері – Хаим Философ, АҚШ-тың Қазақстан консулдықтағы генералды мәдени кеңесшісі – Ананд Кришна, экономика саласының профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты – Мухамед Юнус, Тәжікстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің амбассадоры – Насибахон Аминова қатысып, әлеуметтік кәсіпкерлерді сан қырынан дамыту мен мемлекет арасындағы қатынастың нығаю тетіктері, жобаларды итнвестициялау тұрғысында ұсыныстарын білдірді.

    Өз кезегінде облыс әкімі Б.Сапарбаев барлық ұсыныстардың ескеріліп, саланың одан әрі дамуына жергілікті билік бар жағдайды жасайтындығын, қолдау білдіретіндігін жеткізді.

    Айта кетерлігі екі күндік форумның алғашқы күнінде «Әлемдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Даму тенденциялары» тақырыбында сессия өткізілуде.
    Сондай-ақ, форум барысында халықаралық тәжірибесі бар спикерлердің қатысуымен «Фандрайзинг. Краудфандинг», «Әлеуметтік маркетинг», «Жеке бренд», «Гранттар. Өтінім беру тәсілдері», «Ораторлық өнер» және саладағы өзге де өзекті тақырыптарда мастер-класстар өткізілмек.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН IT ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ АШЫЛАДЫ

    Фариза

    Қызылордада соңғы 10 күнде 60 той өткізу фактісі анықталды

    Фариза

    Жамбылда ауыл тұрғыны бұлақ суына 35 мың шабақ жіберіп, форель өсіруде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.