-9.1 C
Алматы
Суббота, 11 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ неге оралғаны айтылды

    Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақтың көп ұзамай елорда әуежайына қайтуының себебі аталды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұған дейін 16 маусымда түстен кейін FlyArystan ұшағы рейсті орындай алмағаны хабарланған еді. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының өкілдері борт техникалық себептерге байланысты оралғанын мәлімдеді.

    Tengrinews.kz редакциясы әуекомпания баспасөз қызметіне жүгінді. Бірақ олар жағдайды ауызша түсіндіруден бас тартып, ресми сұраныс жіберуді сұрады. Осыған байланысты редакция Air Astana әуекомпаниясына жүгінді. FlyArystan оған еншілес ұйым саналады.

    «А320 ұшағын қайтарудың себебі — үш гидрожүйенің бірінің істен шығуы. Рейстің жолаушылары басқа ұшақпен сағат 00.30-да ұшып шықты. Кейін әуе кемесінің техникалық ақаулары жөнделіп, 17 маусымда басқа рейсті орындады», — деді Air Astana баспасөз қызметі өкілі.

    қатысты посттар

    Нұр Сұлтанда жатақханадан өрт шығып, жүздеген адам қашып шықты

    Белгілі тележүргізушіні бір топ әйелдің не үшін соққыға жыққаны белгілі болды (видео)

    «Анализді өтірік қабылдап алып, кеткен соң қоқысқа тастайды» Шымкентте балалар ауруханасының дәрігерлері сұмдық жайттарды мәлімдеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.