Понедельник, 16 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

    Оралда әскери борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды. Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Хабар-24-ке сілтеме жасап.

    Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған. Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Жәнібек Сәрсенов, №5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

    – Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз.

    қатысты посттар

    БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТАРҒА 2 МЛРД 67 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ӨНДІРІП БЕРДІ

    Фариза

    Маңғыстауда малы қырылған шаруалар үкіметке талап қойды

    Фариза

    Шымкент: Қаладағы 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.