-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

    Маңғыстау облысында тұрғындар малға жем-шөптің орнына картон беруге мәжбүр, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде түйелер мен жылқылардың картон жеп тұрғаны түсірілген видео таралды. Видео авторының айтуынша, фермерлер қиын жағдайдан осылай шығуға мәжбүр. Ол өңірде жем-шөп тапшы екенін айтады. Сондай-ақ, видеода биыл жауын-шашын болмай жайылымдар құрғап қалғаны айтылған.

    «Жылқы мен түйеге жем-шөп тапшылығына байланысты беретін ештеңе жоқ», — делінген жазба сипаттамада.

    Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Маңғыстау облысының әкімдігіне жүгінді. Алайда жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі әр тұрғынның әрекетіне түсінік бере алмайтынын айтты.

    «Олар не істеу керегін өздері біледі. Биыл өңірде құрғақшылық болды. Бірақ қазіргі уақытта өңірге шөп жеткізіліп жатыр. Ақтөбе облысынан кәсіпкерлер жем-шөп әкеледі», — деді баспасөз қызметі өкілі.

    Сондай-ақ, өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік желілерде көрші облыстардан жем-шөп күнделікті жіберіліп жатқаны туралы ақпарат жариялаған.

    Фото: Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасынан

    Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов брифингте жем-шөп қорын арттыру үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңгеден аса қаражат бөлінгенін айтқан болатын.

    қатысты посттар

    Алматыда коронавирустан қайтыс болғандар зиратында жерленген мәйіттер саны ресми деректен үш есе көп

    Фариза

    Шымкент қаласында 17 жастағы жасөспірім жаппай төбелес нәтижесінде қаза тапты

    Фариза

    Қызымыз тірі ме, білмейміз! Түркияда таяқ жеген Ұлбосынның туыстары дабыл қақты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.