15 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

    Коронавирус табылып, Жапония жағалауында карантинге тұрып қалған Diamond Princess кемесінде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Бұған дейін круиз лайнерінен екі қазақстандықтың шыққаны хабарланған еді.

    “Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің дерегінше, бүгін (21 ақпан) Diamond Princess круиз лайнерінде болған тағы екі қазақстандық құрғаққа шықты. Олар қазір Токиодағы қонақүйлердің бірінде. Кемеде болған барлық азаматтарымыз коронавирус бойынша тестен өткен. Ешқайсысынан вирус табылмады” делінген СІМ хабарламасында.

    Министрліктің айтуынша, олар 22 ақпанда Қазақстанға оралады. Осыған дейін ведомство кемеде Қазақстанның төрт азаматы: 8 және 12 жастағы немерелерімен екі әйел бар деп мәлімдеген еді.

    21 ақпандағы мәліметке қарағанда, қазір Қытайда коронавирус жұқтырғандар 75 мыңнан, қаза болғандар 2200-ден асқан. Қытай билігінің дерегінше шамамен 18 мың адам коронавирустан айыққан. Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар жоқ.

    қатысты посттар

    Түркістан облысында “черная касса” ойыны үшін анасы қызын өлтіріп тынды

    Фариза

    Қазақстанда 17 тамыздан бастап той жасауға рұқсат етіле ме

    Фариза

    “Денесінде улау белгісі бар ма?” Белсенділер Арон Атабекке тәуелсіз сот сараптамасын жасауды талап ететінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.