22 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Оқушылар 1 қыркүйекте мектепке орала ма

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қандай жағдайда мектепке оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Өте орынды сұрақ, бірақ жауап мынандай: барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, өзімізге және біздің әрекеттерімізге байланысты болады, егер халықтың көп бөлігі вакцина алса және барлық санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, келесі оқу жылында қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарын, ең алдымен, әрине мектептерді ашуға болады деп үміттенеміз, – деді Аймағамбетов.

    Сонымен бірге ол балалардың мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынатындығын айтты.

    Біздің мұғалімдер де дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді, бірақ жалпы барлығымыз дәстүрлі оқыту форматына тезірек оралғымыз келеді. Бірақ қайталап айтамын, мұның барлығы бәрімізге, бүкіл қоғамға байланысты болады. Бірақ қазіргі кездегі мемлекет жүргізіп жатқан вакцинациялау науқаны мен эпидемияға қарсы шаралар қарқыны жаңа оқу жылында мектептерді ашып, дәстүрлі форматқа оралуға үміттенуге негіз береді. Тағы да, бұл бәрімізге байланысты екенін еске саламыз, – деп қайталап министр.

    қатысты посттар

    «12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде»: сенатор аралас мектептердің көбейгенін жеткізді

    Фариза

    Қазақстанда студенттерге арналған қосымша грант түрі пайда болады

    Фариза

    Қ. Тоқаев бастамасы: Мектептерге “Домбыра” пәні енгізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.