8 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Айдос Үкібай: Елбасы өзіне ескерткіш орнатуды мүлдем ұнатпайды

    Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш орнату сынды сыйлықтарды мүлдем ұнатпайды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz порталына сілтеме жасап.

    «Елбасы бұл идеяны және осыған дейін көтерілген өзге де бастамаларды қолдаған жоқ. Оған ескерткіш орнату, сәулет нысанының атауын өзгертумен байланысты мұндай «сыйлықтар», әсіресе бұл «сыйлықтар» жергілікті шенеуніктер ұйымдастырса мүлдем ұнамайды. Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай көңіл аударулардың қажет еместігін сан мәрте мәлімдеген болатын. Кейде кейбір адамдар әдейі ақпараттық шу тудырғысы келетіндей әсер қалдырады. Тарихта ол өз атын жаңа жобаға беруге келіскен бір ғана жағдай болды. Бұл – университет пен зияткерлік мектептер», деді Елбасының баспасөз хатшысы.

    Сонымен қатар ол Астана күні, Тұңғыш Президент күні және өзге де атаулы даталар ең алдымен адамдар, еліміздің азаматтары үшін мейрам екеніне баса назар аудартты.

    «Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді және де барлығымыз үшін басты сыйлық ескерткіштер немесе атау өзгерту емес, халқымыздың бірлігін, тұрақтылығын, әл-ауқаты мен гүлденуін сақтауға бағытталған жүйелі іс-шараларды сапалы жүзеге асыру болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, оның еңбегінің ең үздік ескерткіші – бұл жарқын болашаққа ұмтылатын, ілгері ойлай білетін жастар, бұл заманауи елордасымен, өз Отанын шынайы сүйетін азаматтарымен гүлденіп келе жатқан Қазақстан», деді Айдос Үкібай.

    Еске сала кетейік, ТҮРІКСОЙ-дың Бас хатшысы Билал Чакыджи «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы: әріптестік интеграциясы мен келешегі» атты халықаралық онлайн-конференция барысында Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы бастама жасаған еді.

    қатысты посттар

    Президенттің ең жақын туыстарына мемлекеттік саяси қызметші лауазымдарын атқаруға тыйым салынады

    Фариза

    Путинмен кездескен экс-президент мәлімдеме жасады

    Үлбіде 90 тонна уран отыны сақталатын болды. Қазақстан оған керек орынды тегін бермек

    Пікір қалдыру

    twelve − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.