-0.1 C
Алматы
Понедельник, 17 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Нұр-Сұлтанда шенеуніктің ұлы баланы қағып, қашып кеткен

    Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, қашып кеткенін көргенін жазды. Көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы болғанын да айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігіTengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Жай ғана жасырынған емес, фитнес-орталықтың маңына тұрақтап, одан әрі спортпен шұғылданбақ болды. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген тағы бір қызбен оның есін жиып, жол полициясы мен зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырдық», — деп жазды ол.

    Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы отырған.

    Полиция аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

    «30 сәуірінде сағат 15.13-те Toyota Camry маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Сығанақ көшесі жағынан №2 үйге қарама-қарсы қозғалып бара жатып, 2004 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні жолдан белгіленген орында жүгіріп бара жатқанда қағып кетті», — деді полиция өкілдері.

    Қазіргі уақытта зардап шеккен бала ем қабылдап жүр.

    «Алған жарақаттарының ауырлық дәрежесі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр», — деді полицейлер.

    Іс Нұр-Сұлтан полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

    қатысты посттар

    Ресейлік әйел 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып жүрген

    Фариза

    «Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі»: Белгілі әнші басынан өткерген қиыншылықтарымен бөлісті

    Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.