26 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды

    Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды. Әлтаирді екі күн бойы полиция, Ұлттық гвардия, ТЖД және еріктілер іздестірді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Баланың мәйіті 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз люгінен табылған.

    “Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда.

    Кішкентай Әлтаирдің ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамын”, – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

    Бұған дейін Қызылордада алты жасар бала іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Ол 27 сәуірде серуенге шығып, оралмады.

    қатысты посттар

    “Мені де, бауырларымды да ұрады”: Қапшағайда 17 жастағы қыз өгей анасының қорлық көрсететінін айтып көмек сұрады

    Фариза

    Мамай оның жақтаушысын оған қарсы айғақ алу үшін азаптаған жерде жатыр – Инга Иманбай

    Фариза

    Ақмола облысында спорттық жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.