7 C
Алматы
Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Бүкіл қоғам алданып жүреді” – Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограмма туралы

    Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограммаға қатысты ойын айтты. Экс-министрдің сөзінше, Қазақстанда фонограмманы түбегейлі тоқтату керек. Бұл туралы ол “Қасқа жол” YouTube-арнасында айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

    “Менің білуімше, сіз фонограммаға қатысты заң жобасын қолға алдыңыз да, аяқсыз қалды ма? Қалай болды?” – деп сұрады журналист. 

    Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі лауазымында болғанында фонограммаға қатысты заңның қарастырылуына ұйытқы болғанын айтады. 

    “Оны Мәжіліске жібердік, оның алдында бір жылдай құзырлы органдармен жұмыс жасадық қой. Фонограмманы тоқтатуымыз керек. Түбегейлі тоқтату керек. “Плюс” телевизияға ғана керек. Әрине, үлкен сахнаға шыққанда фонограмма болмауы керек. Фонограмма тек эстрадаға қатысты емес, ол бүкіл өнерге қатысты болуы керек. Өнерде тазалық керек. Сонда ол өнердің келешегі болады. Фонограмма – бір-бірімізді алдау ғой. 

    Ол адамның әдетінде қалады. Бір рет фонограммамен, екінші рет жалған ақпарат беріп алдайды. Сөйтіп бүкіл қоғам алданып жүреді. Ал фонограмманы тоқтату – ол алдауға арналған дүние. Ондай болмауы үшін біз нағыз сол салада қызмет етіп жүрген адамдардың құқығын қорғауымыз керек. Фонограмма тек эстрада жанры емес, бүкіл қоғамның өзгеруіне септігін тигізері сөзсіз. Заң бекітілді, енді оны іске асыру керек”, – дейді ол.

    Еске салайық, былтыр 22 қазанда Сенат әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын қабылдаған болатын. 

    Сенаттың жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңының жобасы қаралды. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заң жобасы қандай мәселелерді реттейтінін түсіндірген.

    қатысты посттар

    Қайғылы оқиға: “86 адам қаза тапты”. АҚШ жұртын дүрліктірген оқиға

    Фариза

    2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

    Фариза

    Әскерден жалтарғандарға 3 млн теңгеден аса айыппұл салынады – Қорғаныс министрлігі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.