6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Карантин кезінде берілген 42 500 теңгені қайтару талап етіліп жатқаны рас па?

    Instagram-дағы парақшалардың бірінде көпшілік төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алған барлық жұмыссыздар енді 20 000 теңгені мемлекетке қайтаруға міндетті екендігі туралы жаңалықты қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Stopfake.kz атап өткендей, бұл ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

    42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен төленді. Ол карантиндік шектеулер мен төтенше жағдай режиміне байланысты кірісінен айырылған жұмыс істейтін азаматтарға берілген.

    – Егер азамат жұмыссыз болса, оның Қазақстан Республикасы аумағында барлық жерде қызметке шектеулер енгізілуіне байланысты табысынан айырылуы мүмкін емес. Тиісінше, ол 42 500 теңге алмауға тиіс және өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде төлем алуға өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен, МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды талап етіп жатпағанын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

    қатысты посттар

    «Жаңа Конституция керек». Түрмеден шыққан Макс Боқаев алаңда билікке талабын айтты

    Фариза

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау әрбір мекеменің міндеті

    Фариза

    Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция «Абайсызда адам өлтіру» бойынша іс қозғады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.