12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    БҚО тұрғыны үш жыл бойы өгей қызын зорлаған: мектеп директоры сот алдына келді

    БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Мой ГОРОД” порталына сілтеме жасап.

    Лариса Қожахметоваға қатысты іс Жаңғалы аудандық сотында қаралады.

    Қылмыстық іс биыл 7 сәуірде сотқа жіберілген. Мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға ҚР ҚК-нің 434-бабы (“Қылмыс туралы хабарламау”) бойынша айып тағылды. Істі судья Ілияс Іргебаев қарайды.

    Өгей қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған тұрғын Жақсыбай Сұлтанов 2020 жылы сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Тергеу қызметіндегілер жасөспірімнің мұғалімдері бұл оқиғаны біле тұра құқық қорғау органдарына әдейі хабарламады деп мәлімдеген. Нәтижесінде мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал қалғандары аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс алды.

    Басты сот талқылауы 16 сәуірге белгіленген.

    қатысты посттар

    “Cаяси тұтқын” Әсет Әбішевтің түрмеде тамырын кескені хабарланды

    Фариза

    “Израиль жалпыға бірдей екпені қателік деп мойындады”

    Фариза

    Берік Уәли елімізге Әкелер күнін енгізуді ұсынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.