-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Менің ар-намысыма нұқсан келтірді»: Қайыңды көлінде матраста жатқан ару алғаш рет мәлімдеме жасады (видео)

    Алматы облысындағы Қайыңды көлінің ортасында матраста жатып, роликке түскен қазақстандық ару қоғамның қызу талқысына түскен видеоға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бойжеткен үндеуінде тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін жеткізген.

    «Сәкеннің үндеуі менің ар-намысыма, абыройыма нұқсан келтірді. Ол біздің іс-әрекетімізді цирк пен Brazzer порно студиясымен салыстырды. Құрметті Сәкен, енді осы мәселені сізбен өркениетті елдердегідей сот арқылы шешетін боламыз», — дейді ол.

    Еске сала кетсек, осыған дейін желіде Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан арудың видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түскен болатын. Бойжеткеннің әрекеті қазақстандықтардың ашуына тиген.

    Көптің талқысына түскен видеоны белгілі қазақстандық натуралист Сәкен Ділдахмет те өзінің Facebook парақшасында жариялап, ұлттық саябақтардағы бұқаралық туризм неге әкелетіні туралы ой толғаған.

    «Егер ол суға батып кетсе, не болар еді? Онда оны ешкім құтқара алмас еді. Ал су тым салқын. Өкінішке орай, біздің отандастарымыз фото мен видеоға түсу үшін осындай амалдарға барады. Видеоның авторы мұны туризмді дамыту үшін түсіргенін жазған. Сіз мұндай қадамға барғанда не ойладыңыз? Бүгін матрас, ал ертең қайық және тағы басқасын әкеледі. Осылайша біз, көлдің басты ерекшелігі – суға батқан орманнан айырылып қалуымыз мүмкін. Қайыңдыдағы бұл не цирк?», – дейді Сәкен Ділдахмет.

    Сонымен қатар, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі де бұл видеоға қатысты пікір білдірген еді.

    Министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тәртіпті бұзуға болмайтынын айтты.

    қатысты посттар

    Белгілі вайнер әрі КВН ойыншысы Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

    Фариза

    Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді

    Фариза

    «Бұған кінәлі ҚХР азаматтары» Алматы облысы тұрғындары мен қытай жұмысшылары арасында туған дау төбелеске ұласты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.