12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Ертеңнен бастап Шымкентте мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастайды

    12 мамырдан бастап Шымкентте автоәуесқойлар үшін мамандандырылған ХҚО жаңа форматта іске қосылады.  

    Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесеegov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезекуақытын алдына ала брондау қажет болады. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызметкөрсетілмейді.

    Дүйсенбі мен жұма аралығындасағат 10.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылғанХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайтатіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалықемтихан тапсыра алады.

    Шымкентте барлығы 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайтатіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруғаболады. Жүргізуші куәлігіне қосымшакатегориялар бойынша практикалық емтихантапсыру және медициналық тексерістен өтужұмыстары Достық мөлтек ауданындағымамандандырылған ХҚО-да ғана жүзегеасырылады. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында автоХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. автоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті. Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады. Айта кетейік, автоХҚО жұмысы тоқтатылған сәттен бастап, төтенше жағдай кезінде онлайн режимінде азаматтарға 600 жуық жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 300 астам қызмет көрсетілді.

    Анықтама: Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 10.00- ден18.00-ге дейін үзіліссіз.

    Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:

    №1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а.

    №2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.

    №3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсынкөшесі 92. «Бекжан-комфорт»

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте науқастар санының азаюына байланысты күндізгі стационар жабылды

    Фариза

    Таразда қаласында Сарысу ауданының күні өтті

    Фариза

    Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.