-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазнетте «маскадағы құрттарды өлтіру үшін» сутегінің асқын тотығын ішу керегі айтылып жатыр

    Мессенджерлерде тағы да фейк ақпарат тарап жатыр. Қазнетте медициналық маскалардағы моргеллон құрттары туралы хабарламалар көп. Кейбір пайдаланушы жұмбақ тіршілік иелері денсаулыққа қалпына келмейтін зиян келтіруі мүмкін және олармен күресу керек деп санайды. Желіде мұны қалай жасау керегі туралы ұсыныстар бар, бірақ сипатталған әдістер көмектеспес бұрын, зиян келтіруі ықтимал, — деп хабарлайды StopFake.

    Фактчекерлер де, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері де бетперделердегі және ПТР-тестілеу жиынтықтарындағы бірде моргеллондар, бірде нано-боттар деп аталатын құрттар туралы хабарламаларды бірнеше рет жоққа шығарған болатын. Дегенмен, Қазнеттің кейбір пайдаланушысы осы теорияны одан әрі дамытып, тіпті жоқ құрттардан қалай құтылу керегі туралы кеңестерді бөлісіп жүр. Олар бетперде таққандардың барлығына сутегінің асқын тотығын ішуді ұсынады.

    Бірақ мұндай «ем» денсаулыққа көмектесуден гөрі зиянын тигізуі мүмкін.

    «Сутегінің асқын тотығын мүлдем ішуге болмайды. Бұл өлімге әкелуі мүмкін. Заттың 3 миллилитрі өлімге апаруы ықтимал деп саналады. Сутектің асқын тотығы шырышты қабықтарға түсіп, сілтілердің әсерінен болған күйіктерге ұқсас деструктивті өзгерістерге әкелуі мүмкін.

    Оның үстіне, моргеллондардың әсерінен «емделудің» қажеті жоқ, өйткені бұл құрттардың болуы, сондай-ақ олар тудыратын аурулар дәлелденбеген. Бұл дерт аурулардың халықаралық жіктеуішіне енгізілмеген, өйткені көптеген ғалымның пікірінше, Моргеллон ауруы — галлюцинация және дерматоз сандырақ деп аталатын психиатриялық аурудың немесе басқа психикалық бұзылыстың белгісі», — делінген StopFake сайтында.

    қатысты посттар

    Дүнген халқы ҚР заңы мен тілін көздеріне де ілмей ме?

    «Қыздары да бәленің бәрін біліп отыр…»- 13 жастағы қыз туған ағасынан жүкті болып қалды

    Қоқыс маңынан табылған бала: 19 жасар ана қызын қалай өлтіргенін айтып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.