22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Кентауда мектептегі төбелестен кейін оқушы қыз ауруханаға түсті

    Кентауда жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіспей қалған. Арты жанжалға ұласып, мектеп ауласында төбелес шыққан, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрда бір қыз екінші қыздың шашынан жұлып, басынан ұрып жатыр. Ал видеоны түсіріп тұрғандар ажыратудың орнына төбелесті құптап тұрғанын көруге болады.

    “Еуразия бірінші арнасының” сюжеті

    Дерек бойынша 17 желтоқсанда Кентау қаласындағы полицияға жәбірленген қыздың анасы арызданған. Оның айтуынша, қызы түрлі дене жарақатын алған.

    Мектептің жоғары сынып оқушылары сөзге келіспей қалып, кейін дәл мектеп ауласында төбелесе бастаған. Оқиғадан кейін қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға түскені белгілі болды.

    Бұл факт Кентау қаласының полиция бөлімшесіне тіркеліп, полиция қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған қыздардың ата-анасымен де жиналыс өткізген.

    Құқық бұзған жасөспірімдердің ата-анасы жауапкершілігін қарау мақсатында, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша құжаттар жинақталып жатыр. Жасөспірім қыз дәрігердің рұқсатымен ауруханадан шыққан соң, құжаттар сараптамаға жолданады. Сарапшылардың қорытындысымен заңды шешім қабылданады.

    қатысты посттар

    “Қыздың қылығы түзде” – Семейде қыздар жүлде үшін жалаңаштанып жарысты

    “Егер тағдырдың тәлкегіне шыдамасам, кешір мені” Блокбекетте қайтыс болған полицейдің жары жүрек тебірентер жазба жариялады

    Фариза

    Алматыда “шар сатқаны үшін” әйел адамды полиция қызметкерлері ұстап алып кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.