Шығыс Қазақстан облысында тұратын тыл еңбеккері қалалық ауруханадағы қарым-қатынасты концлагермен салыстырды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Желідегі жергілікті топтардың бірінде оқырман шекесінде үлкен ісігі бар зейнеткердің суретін жарияланды. Әйел Риддердегі қалалық ауруханада емделіп жатқан анасына, тыл еңбеккеріне күтім жасалмағанына, медбикелердің қарым-қатынасына шағымданды.
«Бүгін анамды ауруханадан алып шықтық, сұмдық! 22 наурызда түнде ол сүйрегішінен құлап, түні бойы суық еденде жатқан, мұны екі жұмысшы көре тұра шай ішіп отыра берген. Таңертең бір ер адам көтерген, кейін медбикелер келіп қол-аяғын қолы ауырып, аяғы тартылғанша байлаған, маңдайында үлкен ісік бар, тамақ бермеген, күтім нөл. Анам, тыл еңбеккері бұл аурухана емес, концлагерь екенін айтты, кімге шағымдануға болады?», — деп жазды әйел.