Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Енді түлектер колледжге түсу үшін емтихан тапсырмайды — БҒМ

    Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында жаңа тетікке сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтарды қоспағанда, колледжге түсу емтиханы алынып тасталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Бибігүл Асылованың айтуынша, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қаражатты нақты студентке бекіту ұстанымы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігін әзірлеген. Егер осыған дейін өңірлердегі білім басқармалары колледждер арасында мемлекеттік тапсырысты өздері орналастырса, енді жаңа механизм бойынша абитуренттер колледжді әрі мамандықты өздері таңдайды.

    Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастырудың жаңа ережесі әзірленіп, тиісті бұйрық тіркеу үшін Әділет министрлігіне жолданған.

    қатысты посттар

    Вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді – жаңа қаулы

    Фариза

    Білім министрін аяқтан шалу кімге керек болды?

    Фариза

    Жаңа оқу жылында жамбылдық оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.