Среда, 4 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Ұлы дала банкі

    «Нұрлы жер»: Қызылордада 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр

    Биыл Қызылорда қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында
    1406 пәтерді құрайтын 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облыстық
    құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр
    Нұрмағанбетов мәлімдеді.

    «Жүргізіліп жатқан құрылыстың 815 пәтерінің 20-сы жалға берілсе, 215 пәтердің
    57-сі кредитке және 376 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен
    жүзеге асады. Бұған қоса, жыл соңына дейін 698 отбасы пәтерді жалға алса, ал 115-і
    кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар
    есебінен 156-ы пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға беріледі», – дейді Арнұр Әлібекұлы.

    Бұдан бөлек, «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы аясында табысы төмен
    көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың тұрғын үй
    алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы
    жылдық 2-і пайызбен тұрғын үй қарыздары берілуде.

    қатысты посттар

    Семей қаласының әкімі медициналық университет басшылығымен меморандумға қол қойды

    Пікір қалдыру

    four − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.