12 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Ұлы дала банкі

    Семей қаласының әкімі медициналық университет басшылығымен меморандумға қол қойды

    Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қала басшысы ерекше көзге түскен дәрігерлерді марапаттап, құрмет грамоталарын табыс етті.

    – Дәрігер ең ізгі мамандық, – деді Ермак Бидахметұлы. – Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтағым келеді. Сіздерге бақыт және ауыр жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

    Кездесу барысында Е. Сәлімов медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісовпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың көмегімен жоғары оқу орны Абай алаңын өз қамқорлығына алатын болады.

    – Медициналық университет бізге Абай алаңын беру туралы өтініш білдірді. Олар осы аумақта сапалы абаттандыру жұмыстарын жүргізгісі келеді. Басқа оқу орындары да үлгі алар деген ниетпен бұл ұсынысты қабыл алдық. Үнемделген қаржы қаланың шеткі бөліктеріне жұмсалады, – деді Ермак Бидахметұлы.

    Сонымен қатар, осы меморандум аясында әкімдік мелькомбинат көшесіндегі ғимаратты медуниверситеттің коммуналдық меншігіне берді.

    – Бұл нысан халық қажеттілігіне пайдаланылуы тиіс, – деді қала әкімі. – Меморандумда көрсетілген үшінші мәселе-медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қазір Қарағайлы ықшам ауданында үйлер салынып жатыр. Дәрігерлер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй ала алады, -деді Ермак Бидахметұлы.

    қатысты посттар

    «Нұрлы жер»: Қызылордада 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.