8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету: Тоқаев Ішкі істер министрлігіне тапсырма берді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімдердің штатын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық – өткір әлеуметтік проблема. Жыл сайын елімізде әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеледі. Оның ішінде өліммен аяқталғандар бар. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық оларды қоғамға толыққанды қатысудан шеттейді және отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл өзекті мәселені мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күш – жігерімен ғана шешуге болады», – деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

    Бұл мәселеде басты рөл Ішкі істер министрлігінің 1999 жылы құрылған әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімдеріне берілгенін атап өтті.

    «Олар полиция мен азаматтық қоғам арасында тиімді буынға айналуы керек. Алайда, бір кездері бөлімшедегі штат санының жартысына жуығы қысқартылды. Бұл мәселені әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова Ұлттық кеңес алаңында көтерді. Ішкі істер министрлігіне мүмкіндігінше әйелдер мен балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер штатын қалпына келтіруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғаушы Айгүл Орынбектің бастамасын да атап өтті. Ол әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша әйел тергеушілерді мамандандыруды ұсынған.

    «Бұл жәбірленушілерге біржақты және әдепсіз көзқарас фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді. Рахым Ошақбаев («Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры – ред.) маған өзге заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны заңнамалық түрде қатайту туралы өтініш-хатын берді. Бұл қызықты бастама кеңінен талқылануы керек. Тиісті шаралар заңнамалық түрде қабылдануы тиіс», – деді ол.

    қатысты посттар

    Сұмдық! Қытай билігі қатаң ескерту жасады

    Жалағаш ауданында сотталған азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

    Фариза

    Қызылорда облысында дәрі-дәрмек сатылымына қатысты 50-ге жуық әкімшілік іс қозғалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.