Вторник, 4 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тұрғын үйлер заңсыз бөлініп, тамыр-таныстар кезекке тұрып жатыр

    Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үйді заңсыз бөлу, тұрғын үй жағдайлары жақсартуды қажет етпейтін тұлғаларды кезекке қою, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз өзгерту және өзге де жүздеген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Прокурорлардың араласуынан кейін кезекте тұрған 89 адам көптен күткен пәтерлеріне қоныстанып, 110 адам жалға алушы мәртебесін ресімдеуі оларға мемлекеттік қызметтерді алуға жол ашты.

    Жосықсыз жалға алушылардан 30 млн теңге өндіріліп, 13 пәтер босатылды, олардың 8 тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаждарға берілді.

    Бағдарлама шарттарына сәйкес келмегендіктен 2 540 адам тіркеуден алынып тасталды.

    Мердігерлерге қатысты да тиісті талаптар қойылып, олар қадағалау актілері бойынша мемлекеттік бюджетке 440 млн теңгеден астам соманы қайтарды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында егін егу жұмыстары 10 маусымға дейін толық аяқталады

    Фариза

    Аралда 40 отбасы пәтерлі болады

    Фариза

    «Мен көргендердің ең үлкені – 84 жастағы кейуана…» этникалық қазақ Сайрагүл лагерьдегі сұмдықтар жайлы айтып берді

    Пікір қалдыру

    17 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.