20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шиелі ауданында суармалы су жағдайы шешілуде

    Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Жаханов, облыстық су шаруашылығы
    мекемесі басшысының орынбасары Ж.Ерназаров, Шиелі ауданының әкімі Қ.Мүбараков
    аудандағы бірқатар шаруашылықтардың жағдайымен танысты.
    Шиелі ауданы бойынша бүгінде су тапшылығы туындап, шаруашылық
    құрылымдарының егісі судан қалу қаупі орын алуда.

    Атап айтсақ, Р-12 магистральды каналының 115-217 ПК арасында орналасқан
    Бестам ауылдық округіне қарасты «Бестам елі», «Алтын дән» және «Ақниет-2» шаруа
    қожалықтарының жалпы егілген 720 гектар күріш егісінде суы құрғап қалған атыздар бар.
    Шаруашылықтар насос қондырғыларын қойғанымен мәселе толық шешімін
    таппай отыр.

    Осыған сәйкес, жұмыс сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Б.Жаханов
    «Шиелісушар» өндірістік учаскесі су шаруашылығы мекемесіне судан қалу қаупі бар
    егістерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін суды үнемді пайдалану арқылы мәселені
    шешуді және К-1 коллектрлерінен Р-12 каналына қосымша насостар жүргізуді тапсырды.
    Сондай-ақ, облыстық су шаруашылығы және «Қазсушар» мекемелері бірлесіп су
    жеткізу мәселесін шұғыл шешу жолдарын қарастыруда.

    қатысты посттар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021»: Қазалыда 42 жоба іске асырылып жатыр

    Фариза

    Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

    Фариза

    Қытай азаматтарын соққыға жыққан қазақ жігіттері жазаға тартылатын болды

    Пікір қалдыру

    19 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.