-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Любители халявных денег!» Неліктен қазіргі қоғам еңбексіз «келетін» жеңіл ақшаға жүгіреді?

        «Ай сайын миллион табуды қалайсың ба, онда компанияға тіркелде лидер бол», —  деген әңгімені естімеген қазақ жоқ шығар қазір қоғамда. Кем дегенде әр адамның 4-5жақыны осындай арам әрі жеңіл жолмен пайда табуды жоспарлайтын аялақтардың құрбанына айналған. Оларға халықтың қайта-қайта барып ұрынуының сыры неде? Неліктен біздің халық, расында жеңіл жолмен ақша таба аламыз деп ойлайды? Бүгін біз қоғамды жаулап алған оңай жолмен ақша табуды үйретеміз деген «компаниялар» туралы айтатын боламыз.

    Оңай жолмен ақша табуды үйрететін кімдер?

    Қазіргі таңда Қазақстанда аттарын «заңдастырып» алған мұндай 3 түрлі әдіс бар:

    1. Желілік маркетинг

              2. Қаржылық пирамида

             3. электрондық коммерция (қазіргі таңдағы желілік маркетинг пен қаржылық пирамидилардың бүркеншік аты)

    Желілік маркетинг қазір қоғамда ең кеңінен таралғандардың бірі. Желілік маркетингтің қалған екі әдістен ерекшелігі бұл жерде клиент компанияға салған ақшасына тауарлар ала алады. Ал ары қарай тауарды сатады ма, жоқ әлде өзі қолданады ма ол сатып алушының өз қалауындағы дүние. Дегенмен, тәлімгер айтқандай сіз компанияға тіркеліп,  тек тауар сатып алу арқылы бірден миллионер болып кете алмайсыз. Ол үшін компания ұйымдастырған статистика бойынша арнайы өз пирамидаңызды құруыңыз керек. Яғни, сіз басқа адамдарды да өзіңіз тіркелген компанияға өзіңіз секілді ақша салып, тауар сатып алуға көндіруіңіз керек. Ол компанияға тіркеліп, тауар айналымын жасағанда ғана сіз сол сіз тапқан клиентіңіздің белгілі мөлшерде кішкене ғана пайызын алатын боласыз. Әр желілік маркетингті компанияның жұмыс бағыты бір болғанымен, олардың бастапқы компанияға кіру жарнасы әр түрлі. Тіпті, деңгей-деңгейлерге бөлінеді. 4*, 5*, 6* деген секілді одан кейін «бронзовый лидер», «серебряный лидер», золотой лидер», «изумрудный лидер» (қолданыстағы күйінде алынған сөздер) деген секілді. Кейінгі қола, күміс, алтын секілді атаулар барлық дерлік желілік маркетинг компанияларында кездеседі.   

    Ал келесі біздің  «жеңіл ақша табуды үйрететін» топтың бірі — қаржылық пирамида.  Қоғам үшін ең қауіптісі де осы. Себебі, сіз желілік маркетингте ең болмағанда салған ақшаңызға тауар алатын болсаңыз, қаржылық пирамида да тек ақша салып, адам тіркеумен ғана айналысасыз. Дегенмен, қаржылық пирамида тек бір адамның пайдасы үшін жұмыс жасайтын алаяқтық топ. Себебі, қаржылық пирамиданың ең көп жұмыс уақыты 6 ай ғана. «Осынша ақша салсаң, екі есе етіп қайтарып аласың немесе адам кіргізсең ақша табуда пайызың көтеріледі», — деген жалған уәделері біткен соң, аузын ашып, ақшасын беріп, оны екі еселеп алам деген аңқау халықтың ақшасын қалтасына басады да қашады да кетеді. Бұндай қаржылық пирамидадан адам ешқашан пайда таба алмайды. Тіпті, қаржылық пирамидамен айналысқандар үшін қазіргі таңда елімізде арнайы заң бар, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

    Ал келесі электрондық коммерция – бұл атауды қазіргі таңда желілік маркетинг пен қаржылық пирамида жаңа атау ретінде қолданып жүр. Яғни, өздерін желілік маркетинг пен қаржылық пирамида емеспіз деп таныстырып, өздерінің олардан айырмашылықтарын көрсетуге тырысады.  Бұл жерде сіз әр компанияның ойластырған әдісіне қарай белгілі бір мөлшердегі қаржыға олардың арнайы пластикалық картасын сатып аласыз. Және сіз секілді сондай карталарды басқаларға да сатып алуға ұсынасыз. Дәл солай алдыңғы екі әдіс секілді өз пирамидаңызды құруға мәжбүр боласыз. Ал электронды коммерцияның 2 әдістен ерекшелігі алғашқы екеуінде сізді компанияға кіргізген адам сізден алатын пайызын алып болғаннан кейін, сізде шаруасы болмайды. Яғни, одан кейін сіз істі сол ерден тастайсыз ба, жоқ әлде ақша салдым мен оны қайтарып алуым керек деп күресесіз бе ол сіздің шаруаңыз. Ал электронды коммерция бұл топпен жұмыс жасайды. Яғни, ол кіргізген әр адамы үшін де, сондай-ақ кіргізген адамы тағы бір клиент тапқаны үшін де ақша алып отырады. Сол арқылы олар өздері кіргізген адамға «қолдау білдіреді». Бұл — адам тартуда олардың жаңадан ойлап тақпан айлаларының бірі.

    Аталған үш әдіс те оңай жолмен ақша табуға құрылған компаниялардың жұмыс сипатын ғана көрсетеді. Әр компанияның шарттары мен талаптары әртүрлі болғанымен, олардың көздегені тек бір нәрсе: өз пирамидасын құру арқылы жеңіл олжаға ие болу.

    Кейде осындай жағдайларға ақылы бар, оқыған деген адамдар да тап болып жатады. Олардың бұл нәрсені таңдағанына таң қаласың, қалай деп. Дегенмен, әр компанияның арнайы дайындаған өз сөздері, келген адамның ойын өзгертіп, оңайлықпен жібере қоймайтын ораторлары болады. Ендеше, мұндай компаниялар құрықтарына қандай адамдарды түсіреді және қалай түсіреді осыған тоқталайық:

    1. Өздерін әлемдік нарықта ойып тұрып орын алатын компания ретінде таныстырады да, Қазақстанда көптеген компаниялармен серіктес екендіктерін ескертеді. Өздерінің бастапқыда желілік маркетингпен немесе қаржылық пирамидамен айналасытанын сіз өзіңіз түсінбейінше нақты айтпайды.
    2. Ешқашан «Компанияға сен мынандай ақша саласың, солай ғана кіресің, содан соң 10-20адам ғана тіркеген соң ғана солардың пайызын алу арқылы ғана ақша таба аласың», — деген нақты әңгімемен шақырмайды. Сізді шақырада, компанияны керемет етіп таныстырады, одан кейін сіздің қалай бірден байып кететініңізді параққа сызу арқылы көрсетіп береді. Яғни, сіз осы айда осынша ақша аласыз, келесі айда осынша ақша аласыз, ал 3 айда сіз өзіңіз салған ақшаны да шығарып аласыз, басқа қарыздарыңызды да жабасыз тағы сол сияқты;
    3. Компанияның бар жоғы белгісіз жеңілдіктері туралы айтады (шетелге саяхат, ай сайынғы сыйлық ақы, тауарларға жеңілдіктер т.б.)
    4. Миллионерім, лидерім, деген сөздер үнемі қолданылады;
    5. Әр апта сайын немесе ай сайын компанияның «лидерлері» басқа адамдарды өз артыңа қалай шақыруға болатынын айтатын, айла, әдіс-тәсілдерін үйрететін арнайы іс-шаралары болып тұрады;
    6. Сізге сол компанияға кіру үшін ақша табудың (қайдан кредит алуға болады, қайда қарызға ақша береді) жолдарын үйретіп, «жақыныңыздай жаны ашып көмектеседі»;
    7. Ал сіз кіргеннен кейін үздіксіз мотивация берумен айналысады, егер сіздің ойыңыз айнып, компаниядан шыққыңыз келген жағдайда, тағы да компанияның мүмкіндіктерін есіңізге салып, арнайы мотивациялық фильмдерді қарауға, кітаптарды оқуға кеңес береді;
    8. Сіздің осы әрекетіңізге қарсы шыққан барлық жақындарыңызға сізді қарсы қояды. Яғни, олар бұл компанияның мүмкіншілігін білмейді, олар саған сенбейді, сен оларды мүлде тыңдама, сен миллионер боласың деген секілді т.б Сол секілді өз артыңыздан тартып жатқан адамдарға сен жақсылық жасап жатырсың, олар да сен секілді миллионер болады деп сендіреді.
    9. Қазіргі заман ақшаны күрекпен, маңдай термен емес, ақылмен табуды міндеттейтін заман екендігін жеткізеді. Яғни, мұндай желілік маркетингпен, қаржылық пирамидамен ақша табу бұл қазіргі заманның талабы екен.
    10. Өздерін бай қылып көрсетеді. Астында машинасы бар, қымбат жерден тамақтанатындай көрсету — олардың қалыпты жағдайы. Дегенмен, үстіне киген киімі, қолданатын заттары кейде оған сай келмей жатады.
    11. Көшелерде өздерінің арнайы жұмысқа шақыру қағаздарын іліп қояды. Көбінесе операторларға, зейнетке шығып жұмыссыз отырған қарттарға, жұмысынан қысқарған медицина қызметкерлеріне, қоймаға, күзетшіге іздеу салады. Және олардың шарттары қағазға көз салған адамдарды қызықтырады. Олар: тәжірибесі болуы маңызды емес, және айлығы 120 000-150 000теңгеден кем емес.
    12. Ол жерде жүрген адамдар өздерінің бұрын мықты қызметте істегенін, кейіннен сол компанияның мүмкіндіктерін көріп, мемлекеттік қызметтен кетіп, желілік маркетингкке келгендіктерін айтады. Бірақ, шындығында, ол кісілерді мемлекет өздері жұмыстан шығарып жібергендері көп болған.
    13. Компанияның мекен-жайын жиі өзгертеді

    Оңай ақша табуды көздейтіндер көбінесе қандай адамды таңдайды немесе кімдер алаяқтарға ұрынады?

    1. Қазіргі таңда жалақысы жақсы, әрі тәжірибені қажет етпейтін жұмыс табу өте қиын. Студенттер мен жоғарғы оқу орнын бітірген түлектерге тәжірибесіз, өз мамандықтары бойынша жұмысқа тұра алуы өте қиын. Сондықтан олар кез-келген жерден жұмыс іздей бастайды да, кейбіреулері осындай алаяқтарға алданады. Тіпті, кейде мектеп жасындағы оқушыларды да кездестіруге болады.
    2. Зейнеткерлікке шыққан қариялар. Кейбір қариялар зейнетке шықса да, үйіне сыймай, бір жағынан үй ішіне қолғабыс етейін деген ниетпен қайтадан жұмыс іздей бастайды. Бұрынғы істеген жеріне қайта бара алмайды, ал басқа жерлер зейнет жасын ескеріп жұмысқа қабылдамайды. Содан барып олар да «зейнеткерлерді қабылдай беретін» желілік маркетингтің не қаржылық пирамиданың қақпанына түседі.
    3. Жұмысынан қысқартылған жандар. Ол кісілердің де көбінесе ұрынатын жерлері желілік маркетинг және қаржылық пирамида.
    4. Орыс тілін жақсы түсінбейтін аудитория. Көптеген желілік маркетинг пен қаржылық пирамидалар жұмыстарын орыс тілінде жүргізеді. Олар орыс тілін түсінбейтіндерді де өз мақсаттарына пайдаланады.

    Желілік маркетингтің адамдары көбінесе өз шақыруларын (жұмысқа қабылдаймын деген өтірік хабарламалар) Olx.kz пен Market.kz сайттарында көптеп орналастырады.

    Қазіргі таңда, тіпті, кейбір желілік маркетингтер өздерін «халал» етіп алған. Яғни, адамдар 100% сенім артуы үшін компанияны мұсылмандар құрғандығын айтып, ол жерде ешқандай пайыздың жүрмейтіндігін ескертеді. Дегенмен, желілік маркетингтің тек кірген адамның пайызы арқылы ғана ақша табуға құралғандығын ескергеніңіз жөн.  

    «Оңай жерде нан жоқ, тер шықпай, нан таппайсың» ,- деп үлкендердің үнемі айтып отыруы бекерден-бекер емес. Әрине, технологияның дамыған заманында күрекпен емес, ақылмен ақша табу деген сөзге келісемін. Дегенмен, біз қолымызға күрек ұстамасақ та ноутбуктың алдында отсаң да миың шаршап жұмысыңды істейсің, күшің кетеді, белгілі бір тапсырысты бітіру үшін жұмыс жасайсың. Ал мұндай еңбекті өзіңді өтірік бай етіп көрсетіп, уақытша офис жалдап, адамдарды алдап құрықтарына түсіріп, ақшаларын алып отырумен салыстыру тіптен ақымақтық.

    Біз желілік маркетинг ұсынатын тауарларды жамандаудан да, олардың жұмыстарына күйе жағудан да аулақпыз. Себебі, ғалымдар дәлелдегендей желілік маркетингтің тауарлары, керісінше, сапалы болады. Олардың жасанды түрлері жоқ. Кезінде желілік маркетингтің енді елімізге кіріп, қарқын алып келе жатқан кезінде оның рөлі жақсы болатын. Дегенмен, қазіргі таңда көпшілігі желілік маркетингті алаяқтықпен ақша табу жолына айналдырып алды.

    Желілік маркетингпен ақша табу мүмкін емес демейміз. Тек айтып өткеніміздей өз пирамидаңызды құрсаңыз болғаны. Дегенмен, ешкімді алдамай, нақты түсіндіріп қана адам шақырып, ақша таба алсаңыз нұр үстіне нұр болмақ.

    Ал желілік маркетингпен және қаржылық пирамидамен айналысатын жандарға айтарымыз, сіз 4-5 адамды компанияңызға кіргізерсіз, солай өз пайдаңызды табарсыз, ол 4-5адам да тағы адам кіргізіп өз пайдасын табар. Дегенмен, бұл бизнестің те шегі болары анық. Ақшасы далаға шашылып, құр алақан қалатын адамдарды да ойлап қойыңыз!

    Шариғат бойынша желілік маркетинг пен қаржылық пирамиданың үкімі қандай?

    Қаржылық пирамидалар ешқандай өнім немесе тауар ұсынбайды, айналымда тек ақша жүреді. Оның жұмыс жасау принципі мынадай: сіз алдымен белгілі бір сомада ақшалай салым саласыз, сонан соң сіздің артыңыздан тіркелген адамдардың салымының есебінен пайыздық үлес алып отырасыз. Салымшылардың саны көбейген сайын табыс та еселене береді. Мұнда алдаушылық, көмескілік, айлакерлік және басқа да заңсыз (шариғатқа қайшы) әрекеттер болғандықтан, бұл кәсіппен айналысуға шариғатта рұқсат жоқ.    

     Желілік маркетинг – ол ­­тәуелсіз дистрибьютерлер (тауар өткізуші агент) желісін құру арқылы өнімді сату немесе қызмет түрін көрсету. Мұнда өнім делдал арқылы емес, өндіруші компаниядан тікелей тұтынушының қолына тиеді. Әрбір агенттің табысы өнімді сатқаны үшін берілетін үстеме ақы және қол астындағы агенттерінен түскен сыйақыдан құралады. Өз тобына тіркелген агенттердің саны неғұрлым көбейген сайын, табыс та соғұрлым молайып отырады.  

    Алла Тағала: وَلَا تَأْكُلُوا أَمْوَالَكُم بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ

    «Бір-бірлеріңнің мал-мүліктеріңді арам жолмен жемеңдер»[1], ­– деп бұйырады.  

    Шариғат тұрғысынан желілік маркетинг дұрыс (адал) кәсіп болу үшін төмендегі шарттар табылуы тиіс:  

     1. Компания мүшелерінің мақсаты әрі әрекеті жаңа клиенттерді тартып, солар арқылы делдалдық немесе сыйақы секілді ақшалай табыс табумен шектелмеуі тиіс. Керісінше, компания сауда-саттық немесе нақты қызмет көрсету негізінде құрылуы керек. Сондай-ақ компания тарапынан ұсынылған тауар немесе қызмет түрі шариғат тұрғысынан халал болуы шарт;  

    2. Ұйымға мүшелікке тіркелу алдын-ала төлемсіз (тіпті тауар сатып алу арқылы болса да) болуы шарт. Жұмысты ұйымдастырушы адамдар өзінің еңбегі немесе қызметі үшін ақы талап ете алады. Бірақ төлемін өнімнің немесе орындалған жұмыстардың өзіндік құнынан қымбат сұрауы дұрыс емес;  

    3. Компания мүшесі өнімді сату немесе қызмет көрсету арқылы жаңа клиенттерді тартуға міндеттелмеуі шарт;  

    4. Желілік маркетингке қатысушы адамның өзінің тікелей клиенттерінен сыйақы алуы дұрыс. Ал өзінен кейінгі 2-ші, 3-ші немесе т.б. тізбектегі клиенттердің есебінен сыйақы алу дұрыс емес. Өйткені мұндай кәсіп ешбір әрекетсіз немесе еңбексіз жасалған болып саналады. Сондықтан ол адал табысқа жатпайды;  

     5. Қатысушы тарап кез келген уақытта ерікті түрде қандай да бір кедергісіз ұйымнан шығып кету құқығына ие болуы тиіс[2].      

     ҮКІМ:

    1. Желілік маркетинг дұрыс болу үшін бірінші кезекте компанияның көрсететін қызмет түрлері мен ұсынатын тауарлары халал болуы тиіс.  

    2. Жоғарыда айтылған шарттар толықтай табылмаған жағдайда ондай сауда түріне шариғатта тыйым салынады, оның табысы халал болмайды.  

    Қазіргі таңда көптеген желілік маркетинг жүйесінде аталмыш шарттар толық табылмайтындығын ескерген жөн.

    Құрметті оқырман, біздің редакция қазіргі қоғамда осындай дерттің көп таралып кеткендігін ескере келе, аталмыш мақаланы жазуды жөн санаған еді. Барынша ақпарат жинап, ақ-қарасын жеткізуге тырыстық. Бір ғана 2020 жылдың өзінде қаржылық пирамидаға 30 миллиард тенге аударылған. Бұл көрсеткіш қоғамда осындай алаяқтарға сенетіндердің көптігін көрсетеді. Қортындай келе оқырмандарымызға ең бірінші желілік маркетинг пен қаржылық пирамиданы ажыратып алуға кеңес бергіміз келеді.Егер де тек ақша айналымды ғана талап ететін қаржы пирамидасына кезіксеңіз мүлде жоламағаныңыз абзал. Оған салған ақшаңыз ешқашан қайтып келмейді. Ал желілік маркетингке кезіксеңіз, егер де сізден компанияға кіру үшін көп мөлшерде қаржы сұраған болса, ең бірінші компанияны, сізді шақырған адамды тереңірек зерттеп, ой сарасына салып барып, шешім қабылдауға тырысыңыз. Кредитпен милиионер атанам деп қарызға белшеңізден батпаңыз!   

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    «Мені адам құрлы көрмей, дөрекі сөйлеп тұрсыз» Бозымбаевтың тұрғындармен әңгімесі видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Экс-депутат тағы да төсін жалаңаштап шықты

    Желіде полицейлердің атыраулық «діндарды» ұстау сәтінің видеосы тарады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.